0 дауыс
1.4k көрілді
Жалпы сол туралы ақпарат берсеңіз

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Байланыстың спутниктік жүйелері(БСЖ) – РБ регламентіне сәйкес барлық (БСЖ) келесі РБ қызметтерінің құрамында қолданылатын жүйелер[1]. Олар:

тіркелген спутниктік қызмет – тіркелген пункттерде орналасқан жердегі студиялар арасында байланысты ұйымдастыруға арналған;

жылжымалы БСЖ – жылжымалы ЖС арналарында бір немесе бірнеше спутниктер көмегімен байланыс орнатуға арналған. Жылжымалы БСЖ құрғақ жердегі, теңіздік және әуелік болады;

радиоқабылдағыш БСЖ – теледидарлық және дыбыстық хабарлау бағдарламаларын жалғыз (жеке қабылдау) не бір топ (ұжымдық қабылдау) абонентке аралық техникалық құралдарды (телеорталық) қолданбай таратуды қамтамасыз етеді. Оның тарату жылдамдығы үлкен, бірақ РРЛ-ға қарағанда бағасы да үлкен. БСЖ-да теледидарлықжәне дыбыстық хабарлау бағдарламаларына қарағанда 3 түрлі жағдайды білу керек: а) екі бірдей ЖС арасында хабарлау бағдарламаларымен алмасуға арналған ЖСБ; ә) таратушы желіні құрайтынды ЖС нақты сандар арасында хабарлау бағдарламаларын циркуляцияларды таратуға арналған ЖСБ; б) хабарлау бағдарламаларын ұжымдық қолданудағы ЖС-ның анықталмаған немесе көп саны арасында және тікелей жеке абоненттік қабылдау құрылғылары арасында таратуға арналған ЖСБ. Алғашқы екі жағдайдағы ЖСБ-ны аумағы үлкен мемлекеттерде бағдарламалар көзіне алшақ орналасқан хабарлаудың жер үстіндік құралдарына хабарлау бағдарламаларын жіберу немесе алмасу үшін ұйымдастырады. "Орбита" студиясы осыған мысал бола алады. Соңғы жылдарда ЖСБ спутникті хабарлау жүйесі қызығушылық тудырып отыр. Себебі, қызмет көрсету кезінде экономикалық жағынан тиімді. Қамтитын аумағына, қатыстылығына және мақсатына қарай барлық ЖСБ және ХСЖ халықаралық, ұлттық және ведомстволық болып бөлінеді:

а) халықаралық ЖСБ – әртүрлі континенттерде орналасқан елдерге қызмет көрсету үшін қажет. Мысалы, "Интерспутник", "Интелсат"; ә) ұлттық ЖСБ – бір мемлекеттің аумағына қызмет ету үшін керек. Аймактық ЖСБ – мемлекеттен тұратын жердің бөлігіне қажет. Мысалы, Батыс Еуропаның бірқатар ел-деріне қызмет көрсетуі үшін "ETELSAT" жүйесі, араб елдері үшін "ARABSAT" жүйесі қолданылады. б) ведомстволық ЖСБ – қандай да бір ведомстволық қызмет фирма үшін байланыс орнатуға керек.

Спутникті байланыстар арнайы және көпфункционалды болып болінеді. Арнайы – бір мәселені шешуге арналған спутниктер. Көпфункционалды – әртүрлі ақпаратты қамтамасыз ететін және кен колданыека ие болатын спутниктер. Қазіргі заманғы спутниктерге геостационарлық орбита қолданылады. ТМД елдерінде элипстік орбита қолданылады. ЖС төмендегі түрлерге бөлінеді: а) қабылдау-таратушы ЖС – көпарналы телефон хабарламаларын дуплексті таратуды және хабар тарату бағдарламаларымен ауысушы ЖС. Бұл түрдегі ЖС тіркелген спутниктік қызмет жүйесінін кұрамындагы циркуляры хабарлау бағдарламаларын қабылдау үшін де қолданылады; ә) қабылдаушы ЖС – ХСЖ құрамында Жердей спутникке циркулярлықбағдарламаларды жіберуді іске асыратын ЖС. Егер таратушы ЖС ХСЖ-ның қызмет аймағында болса, онда сигналды басқару мақсатымен, оның соңынан қабылдау құрылғысын қояды.
...