+1 дауыс
8.0k көрілді
Жыландар қаншама құпия жасырып жатқанын елестете де алмайсыз. Одан қорқатындар көп болған соң бұл рептилияны зерттеушілер аз. Жыландар жайлы қызықты деректермен бөлісесіздер ма?

2 жауап

0 дауыс
Түр-сипаты сұр жыланған ұқсас африкалық сужылан жұмыртқа жегенді ұнатады және түр-сипатына орай жабайы табиғатта еркін өмір сүреді. Сужылан басынан 5 есе үлкен жұмыртқаларды оңай жұтып алады.

Өліп қалған сыңай танытатын әбжіландардың түрі бар. Бұл мүмкіндіктерін олар сирек пайдаланады, тек қарсыласын қарапайым тәсілдермен жеңе алмай жатқанда ғана. Өліп қалғандай сыңай таныту үшін әбжілан арқасымен жата қалып, аузын ашады да, шіріп кеткен сияқты жағымсыз иіс шығара бастайды. Сондықтан қарсыласы оны өлдіге санап кетіп қалады.

Жыландардың басында температураны қадағалайтын тетік бар, бұл оларға қараңғыда көруге мүмкіндік береді. Тетік бастағы кішкентай ойыққа ұқсас.

Шамамен 300 жұп қабырғасы бар, және ішкі мүшелері бірінен кейін бірі орналасқан жылан түрлері бар, ал ең қызығы, олардың оң өкпесі сол өкпесінен кішірек. Бұл жануарлардың жүрегі денесінде жылжып жүреді. Жылан тағамды дұрыс қорыта алу үшін табиғат әдейі солай жаратқан.

Құрамы әртүрлі болып келетін күрделі зат – бұл жылан уы. Кейбір у жүрекке қауіпті, кейбірі жүйкеге, ал үшіншісі ДНҚ-ны жарып жібереді.
0 дауыс

Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі.
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді.
Олардың ішкі  ағзалары бірінің астына бірі орналасады. Ас дұрыс қорытылу үшін жүрек бір жерден бір жерге ығыса алады.
Жылына бір рет көбейеді.
Кейбір жыландар бір туғанда 75 жыланды дүниеге алып келе алады.
Сіз бен біз жылан ысылынан қорқып жүрген болсақ, мексикалық бөбектер шөпқоректі жыландармен ойнағанды ұнатады екен.massaget сайтынан

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 4.09.2020 Жануарлар сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
+6 дауыс
10 жауап
Белгісіз 4.05.2011 Жануарлар сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...