Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі.
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді.
Олардың ішкі ағзалары бірінің астына бірі орналасады. Ас дұрыс қорытылу үшін жүрек бір жерден бір жерге ығыса алады.
Жылына бір рет көбейеді.
Кейбір жыландар бір туғанда 75 жыланды дүниеге алып келе алады.
Сіз бен біз жылан ысылынан қорқып жүрген болсақ, мексикалық бөбектер шөпқоректі жыландармен ойнағанды ұнатады екен.massaget сайтынан