+2 дауыс
1.6k көрілді
Алыстағы ауылға газеттен тілші келіп, шопаннан:

- Айтыңызшы, бір қой қанша жүн береді? - деп сұрайды.

- Қайсысы, ақ қой ма, әлде қара қой ма? - дейді шопан.

- Мысалы, қара қой?

- Ә-ә, қара қой 3 келі жүн береді.

-  Ал ақ қой ше?

- Ол да 3 келі.

- Әр қойдан қанша сүт саууға болады?

- Қайсысынан, ағынан ба, әлде қарасынан ба?

- Ағынан, болсын?

- Ә-ә, ағынан 2 литр саууға болады?

- Ал, қарасынан ше?

- Одан да 2 литр.

- Әр қой тәулігінен қанша шөп жейді?

- Қайсысы, қарасы ма, әлде ағы ма?

- мысалыға, қарасы?

 - 5 келі.

- Ал, ағы?

- Ағы да 5 келі.

- Егер сойса, әр қойдан қанша е шығады?

- Қайсысының, ағынан ба, әлде қарасынан ба?

- Тілшінің төзімі таусылып:

- Ал, айталық, ағынан? - деп айғайлайды.

- Е-е, ағынан ба? Одан 15-20 келі ет.

- Қарасынан ше?

- Одан да 15-20 келі...

Тілші қатты ашуланады:

- Сіз не басты қатырып отырсыз? Сонда ақ қой мен қара қойдың арасында қандай айырмашлық бар?

- Қара қойлар - менікі, дейді шопан жайбарақат.

- Ал, ақ қойлар ше? - деп тілші жынданып кетердей бақырады.

- Ақ қойлар да менікі...

5 жауап

–1 дауыс
- Не үшін күйеуіңмен ажырастың?

- Өйткені ол мені тура ит орнына көреді.

- Түсінбедім, дұрыстап айтшы, не себептен?

- Оның ойынша мен оған өте адал сенімді дос болуым керек екен.

- А-а-а
–1 дауыс
- Дәрігер, дәрігер! хал-жағдайы қалай оның?

- Жағдайы өте ауыр, өте өтіп кеткен инкфарт, сүйектері 20 жерден сынып кеткен.

- Мен омен сөйлесе аламын ба?

- Жоқ сөйлесе алмайсың, айтар сөзіңді маған айт мен жеткізе саламын.

- Онда сұраңызшы,  мен вождениеден эмтиханнан өтіппін ба? права ала аламын ба?
Маған минус қойған адам Юмор атаулыдан жұрдай болған, қазақша сөздің терең мағынасына түсінбейтін тупой екен!
Маған минус басқандарды түсінбедім.
0 дауыс
1 Қыркүйек. 1 сынып.

Мұғалім:

- Балалар сендер мектепке келдіңдер. Бұл жерде тыныш отыру керек.

Бір нәрсе сұрағыларың келсе, қолдарыңды көтеріп сұраңдар.

Сол кезде бір оқушы қолын  қолын көтереді.

Мұғалім:

- Айта ғой, не болды саған.

Оқушы:

- Маған ештеңе болған жоқ , жай мына сыныптағы система қалай жұмыс істейтінін тексеріп көріп  жатырмын.
0 дауыс
Мұғалім оқушыға айтады:

-Ертең сенің атаң маған жолығуға мектепке келсін.

-Сіз менің әкемді келсін деп айтқыңыз келіп тұр ма?

-Жоқ Атаңды келсін деп тұрмын, мен сенің Атаңа баласының сенің үй жұмысыңды орындаудағы жіберген қателерін айтқым келіп тұр.
0 дауыс
Мамасы баласын мектепке баруға оятады:

-Кеше сабақтарыңды дайындап қойдың ба?

- Жоқ.

- Олай болса неге тып-тыныш алаңсыз  ұйықтап жатырсың?

- Адам не ғұрлым аз білсе, сол ғұрлым ұйқысы тыныш болады.
...