+2 дауыс
5.1k көрілді
Көңіл,көтеріп отырайық, анекдот айтайық
Сұрақтың жабылу себебі: Ренжіме, анекдот порталдары құшағын жаюда :)
Ал, айт ))

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

https://surak.baribar.kz/89698/

https://surak.baribar.kz/89698/

https://surak.baribar.kz/75967/

https://surak.baribar.kz/225446/

Қазақша анекдоттар

+2 дауыс
Бір жігіт бай досының үйіне келеді. Екеуі бір жаққа бірге бармақшы болады.
– Қазір жол-жөнекей банкоматы бар жерге тоқташы, біраз ақша алып алайын деп едім.
– Менен ала сал.
– Өй, саған қарыз боп жүргенше...
– Үйде банкомат бар дегенім ғой...

Емханада:
– Дәрігер, адам мәңгілік өмір сүре ала ма?
– Иә, қаласаңыз ол жағынан көмектесе ала­мыз...

МАИ қызметкері бір көлікті тоқтатады. Рульде семіз біреу отырады.
– Қауіпсіздік белбеуін неге тақпағансыз?
– Көріп тұрсың ғой, қарныма жетпейді...

Сот залында:
– Сіз не үшін көршіңіздің мысығын өлтірдіңіз?
– Менің итім ол мысыққа күні-түні арсылдап үре беретін, үре беретін. Тіпті құлаққа тыныштық жоқ болып кетті. Енді итімді өлтірмеймін ғой...

Кешке жұмыстан келген ата-анасы баласына:
– Мына кітаптардың барлығын неге ашып-ашып қойғансың?
– Енді, өздеріңіз ғой, «өмірі кітаптың бетін ашпайсың» дейтін...

Сұрақ-жауап:
– Журналист болу үшін алдымен не істеу керек?
– Эстрада әншісі болуың керек.

Бір науқас дәрігерден сұрап тұр:
– Егер, өзіңіз ауырып қалсаңыз, осы емханада-ақ емделетін шығарсыз?
– Жоқ, бұл жерде нашар қарайды ғой...Екі жас келіншектің әңгімесінен:

– Үй ішінде ыдыс-аяқ сылдырламас үшін не істеу керек?
– Пластикалық ыдыстарды қолданған дұрыс.

Емханада. Науқас дәрігерге:
– Мына дәріңіз тура у сияқты ғой, осыны күнде ішуім керек пе? Егер дұрыс емі болмаса басшылыққа шағымданамын.
– Осы дәріні алып кеткендердің арасынан осы уақытқа дейін әлі ешкім шағымданып келген емес...

Әріптес жігіттер әңгімелесіп отыр:
– Осы бастық саған неге сонша ұрса береді?
– Туған ағам болған соң өзімсінетін шығар...

Күйеуі әйеліне:
– Жаным, қолыңды ербеңдетіп билемей-ақ қойшы.
– Онда тұрған не бар?
– Билемеші, өтінемін, музыканы да өшірейік...
– Не болды сонша?
– Одан да рульге ие болшы....

Жазушының үш түрі болады:
1.Нағыз жазушы. 2. Арыз жазушы. 3. Бас жазушы.

Мұғалім оқушыға:
– Сен бірнеше кітабы шыққан ақынның баласысың ғой. Келесі сабаққа дейін әкеңнің бір өлеңін жаттап кел.
Арада бір-екі күн өтеді. Мұғалім:
– Неге жаттамағансың?
– Бірде-бір тәуір өлең таппадым ғой...

Көше бойында қайыршы отыр Алдында:
«Қадірлі қайырымды жандар, беретін ақшаларыңызды банктегі мына есепшотқа аударуларыңызды сұраймын» деген есепшот нөмірі жазулы тақтайша тұр.

Қылмыс хроникасы:
«Кеше біреу күлкіден жарылып өліпті. Қазір бұл жарылысқа қандай террорлық ұйымның қатысы бар екендігі анықталып жатыр».

Екі жігіттің әңгімесінен:
– Қашан үйленесің?
– Жүріп жүрген қызым несиесінен құтылып болсын.

Бір келіншек кішкентай нәрестесін дәрігерге алып келеді:
– Балам бақырып жылай береді, жылай береді...
Дәрігер баланы ары қарап, бері қарап, денсаулығынан кінәрат таппайды.
– Мына «Памперсті» қашан кигізіп едіңіз?
– Өткен аптада ғана.

Әкесі баласына ұрысып тұр:
– Жалқаусың, не өз ойыңды ашық білдіре алмайсың, айтқаныңның бәрі өтірік. Мына түріңмен өскенде кім боласың?
– Депутат болам!

Көз дәрігері:
– Оң жақ көзіңізді жауып, алғашқы қатардағы әріптерді оқыңыз.
– ...
– Сол жақ көзіңізді жауып, оқыңыз.
– ...
– Мүлдем көрмейсіз бе?
– Жоқ, көріп тұрмын, оқи алмай жатырмын.

Жүргізуші жолдағы малды қағып кетіпті. Полицей:
– Малды айналып өтуге болмады ма?
– Айналып жүруге бензинім жетпей қалар деп ойладым.

Көше бойында отырған қайыршының мойнындағы жазу

<1,2,5,10,20 теңгелер қабылданбайды>

Екі жігіт:
– Көшеде бір қызбен таныстым да, танысқан бойда ренжісіп қалдым.
– Қалай сонда?
– Ол менен жасының нешеде екенін табуды өтінді.
– Содан?
– Мен дәл таптым: 35-те екен!

Екі келіншек:
– Бетің көкпеңбек болыпты ғой, күйеуің тағы себепсіз ұрды ма?
– Жоқ, бұл жолы себебі болды...

– Қарындас, әдепті қыздар күнде таңертең не істейді?
– Білмедім.
– Өзім де ойлап едім сені әдепті емес шығар деп...

Бойжеткен көшеде тұрған жігіттерден шылым сұрап жатыр:
– Әдемі аруға бір тал шылым бересіздер ме?
– Ол қайда? Неге өзі келіп алмайды?

Әйелі:
– Мен онша әдемі емес сияқтымын. Маған бір комплемент айтшы...
Күйеуі:
– Сен өзіңді дұрыс бағалай білесің.

– Дәрігер, біз қайда бара жатырмыз?
– Мәйітханаға...
– Мәйітханаға?!! Мен өлген жоқпын ғой?
– Асықпаңыз, біз әлі жеткен жоқпыз.

– Кеше қызық болды, әйелімді бір французбен бірге көрдім!
– Не дедің оған?                                                                                                                                                                                                   – Не дейін, мен мектепте ағылшынша оқыдым ғой.
kizik.kz және kazbash.kz сайыттарында бар
0 дауыс
Бір күні орыс қазақ өзбек үшеуи шөл далада кетіп бара жатыпты, үшеуіде катты шөлдеп келе жатса алдарында бір арак жатыр екен оны қазақбарып жерден алып келіндер ішеик депті, сонда өзбек пен орыс жоқ ишпеиміз ато одан саин шолдеиміз депті, сосын қазекең өзі басып алыпты, сөитіп ушеуі арыгараи журеберипти,бір кезде алдарынан бір сикыршы шыгып үшеуң бір бірден тилек аитындар орындаимын депті, сонда озбек мені уиме апар депті,оны уине жиберипті,сосын орыс: меніде уиме жибер депти,оныда апарып тастаиды, ал казак мас аягын әрен басып тур екен, сикыршы турып әи казак сен не калаисын депті,сонда казак турып ана екеуин кайтып алыпкел дептi. Бир жигит любовницасына жылкымен барган екен,ол кыз 5 ши этажда турады екен!жигит жылкыга былай депти,казир куйеуи келип калса мен терезеден секирем,сен мени терезенин астында кутип ал депти. Сойтипкызбен жумысын жасап жатса биреу званок басат дейд. Оны естиген жигит терезеден секирип кетипти, кыз барып есикти ашса, жылкы тур екен! <###20###img012> менин хазяйныма айтасызба,мен падезде кутем деп,а то сыртта жанбыр депти! id=314 alt=':Лопну от смеха:' бір ауылға қаланын орысқұл қызы келін болып түсіпті. Бір күні келіні енесінен где аташка деп сұраса, енесі оиланып-оиланып тұрып НА КОЙ паслал депті..., если хочешь увидеть аташку пошла ты тоже НА КОЙ депті....)))))

Ұқсас сұрақтар

...