+1 дауыс
2.1k көрілді

7 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен сізге мынадай бір хикая айтып берейін. 5-6 жыл бұрын "Нұр-Астана" газетінің бір санында жарияланған болатын: Маңайындағы адамдардың бәрі қызығатындай әйелі тамақты өте жақсы істейтін бір жігіт болды. Бірақ әйелі тамақ пісірудің құпиясын ешкімге айтпады. Күйеуінің де ешкімге тіс жармауын өтінетін.
-Отағасы, ас үйдегі кішкене шыны ыдысты ашып көруге болмайды. Егер сен берген уәдені бұзсаң, ешқашан дәмді тамақ жей алмайсың. Түсіндің бе?-дейді әйелі бір күні.
Шыны ыдыстың ішінде енесінен алып қалған бір құпия зат бар. Әйелі содан аздап қолданатын. Содан тамағы керемет дәмді болып шығады. Отыз жыл бойы үндемей келген күйеуі бір күні әйелі үйде жоқта сол құпияны білмек болып, абайлап ыдыстың қақапағын ашып көрсе, бір тілім қағаз жатыр екен. Қағаздағы өз анасының жазуына көзі түсті:
"Қандай тағам дайындасаң да, бар ықыласыңды салып дайындауды ұмытпа!"
Менің ойымша, ешқандай мінез-құлықты көруге болмайды. Өйткені, дәмді тамақ пісіретіндердің арасында мінезі жайлылары да, қатал мінезділерді де бар ғой. Ал, көңіл-күйді анықтауға болады. Өйткені, адамның көңіл-күйі жоқ болған кезде, еш нәрсеге ықыласы болмайды.
Басе кім жазды десем, Тоғжан екенғой,ризамын.
+2 дауыс
Иә,көбісі солай дейді ғой.Менің ойымша,тамақ адамның ниетіне,көңіл-күйіне және де уақытына қарай(асығып немесе ақырын) дәмдірек болады-ау деймін.Шын көңіліңмен пісірілген тағамдарға не жетсін?!
0 дауыс
Әрине болмайды. Тамақ әр уақытта әр қалай піседі. Сол мезгілдегі мінезін білуге болатын шығар әрине. Бірақ өмірдегі мінезін білуге мүмкіндік аз.
+2 дауыс
Жоқ адамның мінезін,тамағына қарап ажыратуға болмайды,ол мүмкін емес сияқты менімше.... Тамақ пісіріп жатырған адамның  мінезін емес, көңіл-күйін білуге болады)
–1 дауыс
Менің ойымша ия,татып көрсен мінезін оңай ажыратасын деп ойлаймын.
0 дауыс
Менің ойымша ия,татып көрсен мінезін оңай ажыратасын.Ашық жарқын адамдардын қолдары әрдайым тәтті тағамдар шығады деп ойлаймын
0 дауыс
Мінезі тәуірлерде, мінезі нашарларда тамақты жақсы пісіреді, сондықтан ажырату қиын.
...