0 дауыс
Үстеу сөзі бар мақалдар, мәтел, мақал-мәтел керек?
17.02.2016 86.2k қаралым
Молшер устеуы туралы макалдар жаза аласыздарма отыныш

9 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ер - елінде, гүл - жерінде. Елінде - қайда? Жерінде - қайда? Мекен үстеуі. Балық жаны суда. Суда - қайда? Мекен үстеуі. Түйе өлген жерде жүк қалады. Түйе өлген жерде - қайда?
17.02.2016
Маған үстеуі бар мақалдар керек
өтінемін
Үстеу осы ғой.Мекен үстеуі.
Бул дурыс емес кез келген соз мекен устеу бола бермейди онын тек санаулы создери бар мысалы мунда сонда ари бери тб
Мөлшер үстеу бар мақал мəтелдер
0 дауыс
Мекен үстеу бар жұмбақтар
23.02.2016
маған  мекен  үстеуі  бар  жаңылтпаш  керек  өтінішш!!!!!!  тез  арада
Айдалада ақ отау
Аузы мұрны жоқ отау
Тәңертең төрт аяқты үстеу: тәңертең,түсте,кешке
Түсте екі аяқты
Кешке үш аяқты
мАйдалада ақ отау
Аузы мұрны жоқ отау
0 дауыс
Бір итім бар үрейд

Ары-бері жүреді

Тамақ берсең жемейді

Су ішуді білмейсің

Қалапақ десем түсінбейді
19.02.2017
0 дауыс
Түйені жел қимылдатса

Ешкіні көктен ізде      Қайдан-көктен

Ұялған адам басын төмен ұстар

Төмен ұстамағандар- ұятсыздар       Қайда- төмен
20.02.2017
Қалай ұстар? Төмен, болады
0 дауыс

Жоғарыға қарап пікір ет

Төменге қарап шүкір ет

21.02.2017
0 дауыс
Мекен және мезгіл үстеуі бар өнер туындылары керек.
24.02.2018
0 дауыс
Арғымақ аттың баласы
Аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.
2. Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай өара,
Он бесқа дейін қосшыңдай сана.
Он бестен асқан соң досыңа бала.
3. Күйеу- жүз жылдық,
 Құда- мың жылдық.
4. Кең болсаң, кем болмайсың.
5. Бір ауылда мың туысың болғанша,
әр ауылда бір туысың болсын.
6. Қойшы көп болса, қойлар арам өлер.
25.02.2018
өңдеді
0 дауыс
Маған құрамында антоним сөздер болатын мөлшер үстеуіне мақал мәтел керек еді.

Құрамында антоним үстеулері бар мақал - мәтелдер:

1. Арғымақ аттың баласы

Аз оттап, көп жусайды.

Асыл ердің баласы

Аз сөйлеп, көп тыңдайды.

2. Аздың атасы бір,

Көптің батасы бір.

3. Көптен жақсылық құтылмайды,

Аздан азап арылмайды.

4. Көпсінген азға жегізер.

5. Азды алмаған, көптен құр қалады.

6. Ақылды кісінің белгісі - аз сөйлеп, көп тыңдау.

7. Аз болса да күйінбе, мая болса қайтесің,

Көп болды деп қуанба, зая болса қайтесің.

8. Досың мың болса аз,

Дұшпаның біреу болса көп.

9. Аласыға алтау аз,

Бересіге бесеу көп.

10. Азды көпке қосқанның

Арманы жоқ.

11. Аз болса, жетеді,

Көп болса, кетеді.

12. Таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.

13. Еріншек түске дейін ұйықтайды,

Кешке дейін есінейді.

14. Ерте жатып, кеш тұру - еріншектің белгісі.

15. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,

Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.

16. Бір ауылда мың туысың болғанша,

әр ауылда бір туысың болсын.
23.04.2018
өңдеді
0 дауыс

angryбасқа үстеу жоқ пааа 

03.04.2023
127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,971Қолданушы