0 дауыс
26.1k көрілді
13-15 ғасырлардағы қазақстанның рухани мәдениеті туралы әңгіме?

1 жауап

0 дауыс
14-15 ғасырларда шаруашылықтың басым түрі мал шаруашылығы болды. Материалдық игіліктер мал басынан алынатын шикізат көзіне байланысты жасалып отырды. Отырықшы аудандарда жер өңдеуге темір соқа, жерді тегістейтін мала, орақ, шалғы, кетпен, ағаш күрек пайдаланылған. Ұн тартатын су және қол диірмендер, бидай және тары түйетін келі-келсаптар болған. 14-15 ғасырларда ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды. Фольклордың ертедегі үлгілері мифологиялық сюжеттерден тұрады. Ғарыш пен Жердің Ғайыптан пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы түрлі аңыздар сақталған. 6-8 ғасырлардан бастау алған батырлық жырлары толықтырылып, 14-15 ғасырларда эпостық жырға айнала бастады. 13-15 ғасырларда авторы белгілі ауызша поэзияның үлгілері дами бастады. Ауызша поэзияның өкілдері: Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы. 14-15 ғасыр аралығында ауызша әдебиетпен қатар жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар: “Жошы ханның жортуы”, “Ақсақ құлан”, “Ел айырылған”, “Сағыныш”. 14 ғасырда Өзбек пен Тоғылық-Темір хандардың билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлген. Қазақстанда исламның суфизм тармағы таралған. Суфизмнің кейбір идеялары мен әдет-ғұрыптары шаманизмнің наным-сенімдеріне жақын болған. Сонымен 14-15 ғасырларда ислам діні мен шаманизмнің кейбір наным-сенімдері қатар өмір сүрген. http://m.itest.kz/lekciya_14_15_hasyrlardahy_qazaqstan_madenietining_damuy
...