Недеген сын десеңізші!! (Әрине, бұл сіздің жеке пікіріңіз емес, белгілі бір баспасөз беттерінен алған үзінді болар деп ойлаймын. Сіз бұл пікірді жақтағаннан емес, осындағылардың талқысына салу үшін жарияладыңыз-ау деп те ойлап қоям). Түк таппағандай енді ұлттық мұрамызды, төл мәдениетімізді теріске шығару қалып еді. Жаназа... Бәрі сол жаназаға қарап тұр ма екен? Не болса соны дінге әкеліп тірегенді қояйықшы осы. (Иә, білем, "Жаназа қазақтікі емес деп кім айтты?" "Дастан ұлттық қазынамыз деп суицидті насихаттауға жол береміз бе?" дейтіндер табыла жатар). Әдебиет пен ақлақ... Оны таразылауға ешкімнің хақысы жоқ. Себебі әдебиетті ақ пен қара деп ажыратуға болмайды. Әдебиет әлемінде ақ пен қара тек бір болмыстың екі түрлі көрінісі ғана. Ол сонысымен де өнер, сонысымен де әдебиет. (Әңгіме тым созылып кетті ғой...) Қысқасы, менің айтпағым, тырнақ астынан кір іздегенді доғарып, өзге жұрттың Ромео мен Джульеттасын нағыз махаббаттың символы деп танитын жас ұрпаққа өз ұлтында солардан кем түспейтін әдеби кейіпкерлердің бар екенін таныту керек сияқты.