0 дауыс
ЖОО бітірген соң мамандық бойынша контрактник болып жұмысқа кіру үшін міндетті түрде военный билет керек пе?
06.02.2016 1.2k қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Әрине керек. Одан бөлек:

Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға жауап беруі керек:

Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
курсанттардан басқа адамдар 19 жастан кіші болмауы және әскери атаққа байланысты әскери қызметтегі шектік жастан бес жасқа кіші мерзімнен аспауы;
тиісті әскери қызметтің әскери-есепке алу мамандығына ие болуы;
әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өтеуі немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқытудан немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-оқытылған резервін дайындау бойынша әскери дайындықтан өтуі.

07.02.2016
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,993Қолданушы