0 дауыс
963 көрілді
Менің өмір сүргім келмейді. Менің жан дүнием ауырады?
Жыртыла бермей не жағдай екенiн айтсай.

2 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмірден түңілетіндей қайғы - жеңіл қайғы емес. Басыңызға қандай іс түскенін білмеймін, бірақ өзіңізді жалғызбын деп ойламаңыз. Жалғызсырау, түңілуге әсте жол бермеңіз. Алайда бар қиындықты ұмытып, көңіл көтеру үшін қыдыру, кино көру, кітап оқумен өзіңізді алдаусыратудың пайдасы тимейтін сияқты. Қатты қайғырғанда көңіл күйді жақсарту үшін ғана әлденемен айналысу - жаңбырлы күні терезенің пердесін жауып тастап "бүгін ауа райы тамаша" деп өзіңді алдаусыратумен бірдей. Мүмкін қайғыңыздың себебін ашып айтқыңыз келмейтін болар, бірақ өзіңізден жасырмаңыз, бәрін жылы жауып қоя салмаңыз. Қазір бұл қайғы-мұңды өткеруіңіз мүмкін, бір сәтке ұмытуыңыз мүмкін. Алайда кейін жүрегіңізге одан да үлкен жүк болып салмақ түсіреді. Жүрек жарасына мән бермесеңіз, асқына береді, емін іздеңіз. Барлық қиындықтың артында бір себеп тұрады. Егер мәселенің шешімі сіздің қолыңыздан келетін болса, барынша шешуге тырысып көріңіз. Егер ол мүмкін болмаса, бәрін сол қалпында қабылдаңыз. Қандай жағдай болса да, өзіңізді кінәлай бермеңіз. Болуы тиіс нәрсе онсызда болады. Өмірде біздің еркімізбен болатын нәрселер соншалықты көп емес. Мәселе мен өзіңізді қатар қоймаңыз, мәселеге сырт көзбен қараңыз. Сіздің жолыңыз болмағандықтан емес, сіз жаман адам болғандықтан емес, Құдайдың сізді сынағысы келгендіктен емес... Жай, өмір болғандықтан... Өмір болғандықтан анда-санда қиындықтармен бетпе-бет келуге тура келеді. Сіз бұл қиындықты да жеңіп шығатыныңызға сенем! Еңсеңізді түсірмеңіз!
Олгим келед, айдалага барып бар даусыммен айкалап жылагым келед,
Рахмет бирак менин жан дунием катты ауырады, жылай берем, еркимнен нарселер болып жатыр, шаршадым тусинесизба Жан дунием катты ауырад, журегим катты ауырады, олип тынышталгым келед,
Мұндағыларға мұң шаққаныңызға қарағанда, бұл жайлы ашылып айтатын адам жоқ-ау, сірә. Иә, дұрыс, ішіңізде сақтап қалмаңыз, жақын жандарға бәрін айтып тастаңыз, дауыстап жылаңыз. Бірақ өлу дегенді ойыңызға алмаңыз. Кеше осы өмірмен қаншама адам қоштасты, олардың көрсем деп аңсаған ертеңі - біздің бүгінгі күніміз. Өмір - біз сұрамай-ақ берілген сыйлық болғандықтан қадірін біле бермейміз. Бірақ адам өмірінен бағалы ештеңе жоқ. Есіңізде болсын! Қанша қиналсақ та, мыңдаған сынақтармен бетпе-бет келсек те,  өмір атты сыйлықтың құны соған тұрады. Өзіңізді, өміріңізді, өмір кездестірген жақындарыңызды бағалай біліңіз. Қиындықтың бәрі уақытша... Өмірдің өзі де уақытша...
80анальгин иштим, олеминба олмиминба аитыныздаршы? Олгим келед
+1 дауыс
Бұндай жағдай бәрі адамның басынан өтеді, наушникте қатты қойып ән тыңдаң, жақсы көрген жұмысыңызды қылыңыз, жақын досыңызбен сырласып әңгіме айтыңыз, кімменен болсада әңгіме айтыңыз, жақындарыңыздан хабар алыңыз бар жоғы бұл көңі күйге байланысты өтіп кетеді, бәрі жақсы болады Айгерім !!!
Толықтай келісемін, қызықты әдеби кітаптар оқып, көңілді кинолар қараңыз деп қосып қояйын...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 19.10.2012 Жанұя сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
5 жауап
...