+1 дауыс
1.2k көрілді
Біз 4-ші дүние жүзілік соғыста қандай қару қолдануымыз мүмкін? Келесі 3-ші дүниежүзілік соғыста ядролық қару қолданылатыны белгілі ғой. Кім қалай ойлайды?
басыңнан ат тепкен сияқты
Сен түк көрмеген екенсің. Барлық елдер осы мәселені талқылап жатыр, ал қазақтар ұйықтап жатыр, ет жеп, бұл не дегенің сенің?  Мен саған жауабын өзім тауып айтқан кезде екі көзің шығып кетпесін қатты таңырқап......

5 жауап

0 дауыс

Негізінен болашақта жасанды табиғи аппаттар жасау құралдары (қазіргі технологияның күшімен жер сілкінісін, немесе су тасқынын қолдан жасауға мүміндік бар),

Сосын ақпараттық-технлогиялық соғыс (мысалы Пентагонның хакерлік шабуыл жасап компьютерлік жүйесін жойып жеберсе болды, ешбір техника жұмыс жасамай қалады)

психологиялық құралдар (мысалы жаппай гипнозды қолдану), Бұл фантастика болса да мен 3-ші дүниежүзілік соғысты солай елестетем  

Соңында: 

Жақсы жасалған кинә екен, ютуб арқылы ақша табуға арналған хе-хе-хе!
0 дауыс
ахахах 3-шіні жақында арада болады дегендей қойдың ғой сұрақты ) 4 тен бастап))
+1 дауыс
3 тен аман шығып алайық, 4 ті көргім келмейді, адамға бір илахий сана кіріп ұрыс деген зат тоқтағай !!!
Ұрыс , зат туралы сұрақ қойған жоқ сияқты едім да негізі. Соғыс туралы қойғам сұрақты, !!!!!!!!!!!
0 дауыс
Эйнштейн(?) айтып еді ғой: "Егер адамзат Үшінші ДЖС-та ядролық қаруды қолданса, Төртінші ДЖС-та қолданатын қаруымыз тек тас пен таяқ болмақ"-деп. Өз басым енді ДЖС болады деп ойламаймын... немесе қазір болып жатыр деп ойлаймын(ақпараттық соғыс). Соғыс өз әлпетін өзгертті, дәстүрлі түрдегі соғыстың ешкімге пайда әкелмейтінін бәрі түсінді. Енді ашық соғыс, блокқа бөлінген әлемдік соғыс бола қалуы екіталай. Демократия, адам құқығы, уран өндірісімен күрес, басқа ел аймағындағы өз ұлтын қорғау(R2P) сияқты әдемі атаулар соғыс деген зұлматтың жаңа кеспірін айқындамақ алдағы уақытта. Ірілерге есесін жіберген "өкпешіл елдерді" (мысалы, бұрынғы Германия) енді қарудың емес, санкция деген тұзақтың күшімен-ақ жіпсіз байлауға болады. Ымм, алда-жалда соғыс бола қалса, ядролық қаруды былай қойғанда химиялық, биологиялық қарулардың "кереметін" көріп көз айым болармыз... Мен енді соғыс болса, тек Жұлдыздар соғысы болса екен деп тілеймін. Жерге Өзге ғаламшарлықтар шабуыл жасаса екен деп) Сонда ғана мына Жер бетіндегі соғыс сүйгіш бейбақтар ынтымақ дегеннің, бейбітшілік дегеннің не екенін түсінер ме еді?!
Соғыс болмайды деген жақсы ғой, бірақ дүние жүзі бойынша 24 ядролық боеголовкалары бар 7 атом су асты кемелері апатқа ұшырап мұхиттардың түбінде жатыр, оларды ешқандай техника шығара алмайды, өте тереңде. Солар бір күндері жарылып кетсе не болады, оған гарантия жоқ. Мен соны ойлап отырмын. Жер планетасын жоқ қылуға 6-7 ядролық бомба жетеді, ал әлем бойынша қанша ядролық ракеталар бар?
Онда мұны... соғыс емес, апат деп атаған дұрысырақ болар.
Қалай соғыс емес!  россияның 4 су асты кемесі америка құрылығының жанында тынық мұхитында жатыр, солар жарылса, Америкп да ответный удар береді, сосын россия оларға береді,   солай болады бауырым. Бірақ бір жаман жері Америка Қазақстандағы байқоңырға, Сарышағанға. Балхаштағы приозерскіге міндетті түрде бірінші ядролық соққы береді, оның себебі ол жерлерде ресейдің құпия әскери базалары орналасқан. Біз де тыс қалмаймыз, соғыс деген содан шығады...
0 дауыс
Қазіргі заманда соғыс бола қоймас,қазір экономикалық жағынан соғысып жатыр.Соғыс болған жағдайда да бұрынғы кез сияқты адамдар бір-бірімен қолдарына автомат алып соғыспайды.БАҚ-тың айтуы бойынша қазіргі кезде әр елдің түкпір түпірінде бомбалар бар,сол бомбаны жарса болды,барлық жердің астан-кестені шығады.Қазіргі кезде адамдар басқаша солмен соғысуда:қолдан жасанды табиғат құбылыстарын ойлап табуда,мысалы Қытайда,Түркияда болған су апаттарының барлығы қодан жасалған және сол сияқтылары,Қаруға келетін болсақ соғыс кезінде біле жатармыз....Әрине Құдай  соғыстан бізді Аулақ қылсың!!!
...