Эйнштейн(?) айтып еді ғой: "Егер адамзат Үшінші ДЖС-та ядролық қаруды қолданса, Төртінші ДЖС-та қолданатын қаруымыз тек тас пен таяқ болмақ"-деп. Өз басым енді ДЖС болады деп ойламаймын... немесе қазір болып жатыр деп ойлаймын(ақпараттық соғыс). Соғыс өз әлпетін өзгертті, дәстүрлі түрдегі соғыстың ешкімге пайда әкелмейтінін бәрі түсінді. Енді ашық соғыс, блокқа бөлінген әлемдік соғыс бола қалуы екіталай. Демократия, адам құқығы, уран өндірісімен күрес, басқа ел аймағындағы өз ұлтын қорғау(R2P) сияқты әдемі атаулар соғыс деген зұлматтың жаңа кеспірін айқындамақ алдағы уақытта. Ірілерге есесін жіберген "өкпешіл елдерді" (мысалы, бұрынғы Германия) енді қарудың емес, санкция деген тұзақтың күшімен-ақ жіпсіз байлауға болады. Ымм, алда-жалда соғыс бола қалса, ядролық қаруды былай қойғанда химиялық, биологиялық қарулардың "кереметін" көріп көз айым болармыз... Мен енді соғыс болса, тек Жұлдыздар соғысы болса екен деп тілеймін. Жерге Өзге ғаламшарлықтар шабуыл жасаса екен деп) Сонда ғана мына Жер бетіндегі соғыс сүйгіш бейбақтар ынтымақ дегеннің, бейбітшілік дегеннің не екенін түсінер ме еді?!