0 дауыс
4.2k көрілді
Қазақстан аумағында су ресурстары (өзендер,көлдер, мұздықтар,су асты сулар) қалай таралады?

1 жауап

0 дауыс
Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктсрі ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2–4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.

. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км2-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал т-дерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш к. алабындағы ірі өзен – Іленің республика шегіндегі ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның ірі салаларының бірі Шілік өз-нен бастап, Шамалған өз-не дейін ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған. Бат. Қазақстан жерін негізінен Жайық өз. суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақстандағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т.б. өзендер жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды. Қазақстан өзендерінің көпшілігі жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлініп қалады. Біразы көктемгі қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады.
...