0 дауыс
4.6k көрілді
Әкесінің баласы - адамның дұшпаны, адам баласы - бауырың. не туралы айтылған ?

1 жауап

0 дауыс
Атаңның баласы болма, адамның баласы бол дегенге саяды мағынасы. Бір ғана атаның қамын жеген халықтың хақысын ұмытады.

Абай отыз жетінше қара сөзінде нақыл сөздерді тізеді. Нақылдардың барлығы дерлік адам бойындағы адамшылық қасиеттерді ардақтауға бағытталған. "Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес", – дейді Абай.

Жалпы, қара сөзде ақын адам бойындағы қайратсыздық, заманның адамға әсері, білімге талпыныс, достық, тіленшілік, білгенді үйрету сынды тақырыптарды қозғайды.

"Адам  баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват", – деп әр адамның заманға, заманның адамға әсерін сөз қылады. Осылайша, Абай заманды қалыптастыратын адамдардың өздері екендігін, сондықтан, әркім өзін дамытуға, өзін тәрбиелеуге күш салуы керектігін меңзейді. Ол, сонымен қатар, "Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім", – деп, адамның кез келген уақытта өзін қолына алып, түзеле алатындығын айтады.

"Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық", – деп, білімге құштарлықты, адал еңбекті насихаттайды.  

Абай, осылайша, қара сөзінде қоғамдағы олқылықтарды сынап, ұрпаққа, замандастарына жақсылыққа апарар жолды меңзеп, әсер етуге тырысады.
...