0 дауыс
9.8k көрілді
Адамның алдын қара мысық кесіп өтсе жолы болмай қалама?

10 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
“Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды” деген ырым бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп‑қатер төнгенiн сездiртедi, сөйтiп, терiс нәрседен арашалап қалғысы келедi. Сондық­тан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түстi мысықтың өзге түстi мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабiлетi әлдеқайда мықты, әрi ол терiс энергияның түгiн қалдырмай жұтып алатын көрiнедi. Кейбiр экстрасенстердiң үйлерiнде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле‑жаладан қорғап, үйдi аластап бередi.

http://zhasalash.kz/mbm/5960.html
+1 дауыс
Ол өтірік сияқты. Ол да бір жануардың түрі.
+1 дауыс
Негізі ондай ырымы бары бар. Бірақ көп адам көңіліне алып қалады соны. Сондықтан кей кездері сол күні жолы болмай жатады. Мен қандай мысық өтсе де көңілге алмауға тырысамын. Ол жол кесу үшін емес, біз сияқты бір жерге кетіп бара жатыр емеспе?
+1 дауыс
білмеймін әйтеуір ол қазақтың ырымы ғой
Бұл ырым негізі ешқандай қазақтың ырымы емес. Орыс халқының ырымы.
0 дауыс
Ала мысық алғыс,қара мысық қарғыс деп ырымшылдар қара мысық кессе жақтырмай көңілдеріне алып қалады да бірақ адамның сеніміне байланысты ғой
0 дауыс
Жалпы, біз қазақтар ырымшыл халықпыз ғой. Бұлда бір ырым деп санаймын.
0 дауыс
Экстрасенстердин кара мысыкты устауы жындармен байланыс орнату ушин асырайды.
0 дауыс
Түрі болса ұсқынсыз, көзі қысық,

Өтіп кетсе алдыңнан қара мысық,

Жолың болмай қалады деп, еріккендер

Ырым қылып алған ғой, іші пысып.

 

Қайта жолым болсын деп, мысық қуып,

Тас лақтырып жолына, үш түкіріп,

Айналдыру түймеңді жеті мәрте,

Ақымақтық, оның бәрі өтірік.

 

Жүрейік енді көшеде мысық санап.

Қалған ба еді мысыққа күнің қарап?

Мысық өтіп кетпесін деп алдымнан,

Тиіссің бе жүруге көше айналып?

 

Мұндай сұрақ қойғаныңыз,

Ұят сізге, ойланыңыз!

Жараса ма сендей жасқа?

Құрт мынаны, құрысын, қасқа!
0 дауыс
Ал егер кара мысык арттан калмай койса не болады? Или арттан жугирсе?
0 дауыс

“Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды” деген ырым бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп‑қатер төнгенiн сездiртедi, сөйтiп, терiс нәрседен арашалап қалғысы келедi. Сондықтан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түстi мысықтың өзге түстi мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабiлетi әлдеқайда мықты, әрi ол терiс энергияның түгiн қалдырмай жұтып алатын көрiнедi. Кейбiр экстрасенстердiң үйлерiнде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле‑жаладан қорғап, үйдi аластап бередi.

...