–1 дауыс
684 көрілді
Неге оралмандар соншама қатты депутат болғысы келіп бара жатыр? Неге олар оралманбыз деп өздерін бөледі, бұған дейін оралман деген атауға қарсы болып келген еді ғой? "Оралмандарға Мәжілістен орын берсін" деген бастаманың өзі күлкілі емес пе? Олар партия ма әлде? Бәріміз бір қазақпыз, Қазақстанның азаматымыз, қалаған партиясына кіріп, сайлауға қатыссын, әлде депутаттарды Президент тағайындайды деп айтты ма біреу?
Жалпы, оралман деген атауға қарсымын, бәріміз бір қазақпыз. Өздеріңізді бөлмеңіздер, қазір бірігетін заман.

Серғали Балажан

3 жауап

+2 дауыс
Өз басым қолдаймын. Заң шығарушы органда қоғамның сан қилы түйткілді мәселелері назарға алынуы шарт. Әр елде азшылық топтардың өкілдерінің депутат болуы, өзі шыққан топтың мәселелерін жете түсіндіріп, соны шешуге ат салысуы жолға қойылған. АҚШ-та қара нәсілділердің саясатқа араласуы өзекті мәселеге айналса, көптеген елдерде әйелдердің билікке келуі азшылықты қолдаудың бір тәсілі ретінде қаралады. Шетелден келген қандастардың депутат болуына да дәл осындай тұрғыдан қараған жөн-ау деп ойлаймын. Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 9 өкілі Парламентте неге отыр? Біз мұны өздерін бөлу деп қарамаймыз ғой? Елдегі аз ұлттардың да сөзін сөйлейтін, мәселесін көтеретін адам керек екенін түсінеміз. Жыл өткен сайын оралмандар саны көбейіп келеді, олардың түйткілді мәселелері жетіп артылады. Солардың арасынан неге бір өкіл тағайындамасқа?!

Мәселе бөлінуде, жатсынуда емес. Үйренісе алмауында, айтпасқа болмайтын қиындықтармен бетпе-бет келуінде. Өзімізді басқалардың орнына бір сәт қойып көруді үйренейікші) Дәрігер салған инеге ересектер шыдамды келеді, ал балалар бірден ауырды деп жылап шыға келеді. "Оралмандар неге проблемасын айта береді?" деген сөз ересек адамның кішкентай балаға қарап: "Несіне жылайсың? Маған қарашы, ауырса да шыдаймын ғой" дегенімен ұқсас сияқты. Бәріміз өмірдің кей тұсында ересек, кей тұсында бала боламыз емес пе?! Қасымыздағы жылаған баланы уатуды да үйренсек жақсы болар еді)

А, айтпақшы, Сенат депутаттарын Президент тағайындайды)
–2 дауыс
Оралмандармен біріге алмайсың, олар көшіп келіп, жергілікті қазақтарды ығыстырып жерін тартып алуға ұмтылуда. Ал сен олармен бірігейік дейсің, олардың руы да басқа. Өзбекстаннан-қарақалпақстаннан келген оралмандар саған жаны ашып кеп жатқан жоқ, олар квота ақша, тегін үй беріп қала ма деп келіп жатыр.

Өйткені олар Қазаққа шын жандары ашыса, өздерінің бұрынғы ата мекені Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Орал (олардың бұрынғы тұрған жері сол жақтарда), жақтағы жеріне барып қоныстанбай, онсыз да қазақтары көп, қазақтары симай жатқан Шымкент,Алматы, Тараз қалаларына жиналып жатыр, одан конфликт шығып та жатыр, жастары бір-бірімен төбелесіп. Ал, өздерінің ата-мекендерінде қазақ ұлты қалмай, жерлері қаңырап бос қалып Ресейдің қол астына өтіп кету қауіпі барына бастарын да ауыртпайды.

Әр қазақ өз тарихи ата-мекенінде тұруы керек сонда ғана конфлик болмайды. Оны картаға қарап көрсеңдер түсінесіңдер . Ең бастысы шатақ шықпау керек!
–1 дауыс
Кезінде отанын тастап, қара басын сауғалап қашқан қашқындардың ұрпақтары енді келіп депутат болса жетіскен екенбіз!  Олар не сонда, жергілікті осы жерді қорғаған Батыр Қазақтың ұрпақтарына басшылық жасағысы келген ба?
...