0 дауыс
8.3k көрілді
Сенат депутаты мен мәжіліс депутатының  басты айырмашылықтары қандай?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мәжіліс (араб.: меджлис‎— жиналыс, кеңес, әңгіме) — қауым алдында тұрған мәселені шешу мақсатында бас қосып кеңесу, алқа құрып жиналыс жасау; Түркия, Иран елдерінде заң шығарушы орган;Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы.

Сенат (латынша senatus, senex — кәрі, қария сөзінен) — 1) Ежелгі Римдегі жоғарғы мемлекеттік кеңес. Сенат басында ең көрнекті, еңбегі сіңген сенатор (prіnces senatus) тұрды. Сенат сайлау заңдары мен нәтижесін бекітті, магистраттар қызметін бақылады, оларға кеңес берді, сыртқы саясатпен айналысты, қаржыны және діни жоралғылардың орындалуын қадағалады. Яғни іс жүзінде мемлекетті Сенат биледі. Сенат қаулылары — сенатус-консульттер халық жиналысы мен плебейлер жиналысы шығарған қаулылармен бірдей заң күшіне ие болды. Рим империясы кезеңінде Сенаттың маңызы, саяси ықпалы төмендеп, жай ғана дәулетті әулеттер өкілдерінің жиналысына айналды; 2) көптеген елдерде парламенттің жоғарғы палатасы. Сенат түрлі жолмен: тікелей сайлау, жанама сайлау, сирек жағдайда төменгі палатаның өз құрамынан сайлауы (Норвегия, Исландия) арқылы құрылады. Кейбір елде Сенат мүшелері түгел тағайындалады (Германия, Канада). Федералды мемлекеттерде Сенатқа әрбір федерация субъектілерінен 1 — 2 өкілден сайланады. Сенат төменгі палатадан келген заң жобаларын бекітіп, мемлекет басшысына жібереді, келіспеген жағдайда төменгі палата қабылдаған заңдарға вето қоюға құқылы. Сенаттың заң шығару ісіне араласудан бөлек бірқатар маңызды өкілеттіктері болады, мысалы, халықаралық шарттарды мақұлдау, кейбір жоғары лауазымдарды тағайындау, т.б.;[1]
+1 дауыс
Сенат депутаттары облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан сайланады ал мәжіліс депутаты саяси партиялардан, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады....

Сенат жоғарғы, мәжіліс төменгі палата ...
0 дауыс
ҚР Конституциясының:

55-бап

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;

2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

4) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен алынып тасталды

5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;

6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

56-бап

1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.
+1 дауыс
Сенат депутаттары жоғарғы палатада болғандықтан, мәжіліс депутаттарынан бір саты биік тұрады.
...