Серік Ибрагимовтың кел маған әнінің тексті керек еді

+1 дауыс
785 қаралым
Серік Ибрагимовтың кел маған әнінің тексті керек еді
Әннің сөзі

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Жүрегімді жылатпа жаным,

Мейлі мені сағынба сағын.

Арман болған түндердің, бірге жүрген күндердің,

Аламысың есіңе бәрін.

Тоғыспады өзіңмен жолым,

Мейлі маған көрінбе көрін.

Тауыссаңда төзімді, күтіп жүрмін өзіңді,

Жүрегімнің ұсынып төрін.

 

Жаным іздеймісің үзбеймісің,

Үміттей нәзік гүліңді.

Сенбейсің сезбейсің,

Сен менің сүйетінімді.

 

Іздеп жүрмін сыртыңнан сұрап,

Мейлі мені ұнатпа ұнат.

Арманым деп еңселіп,ардақтаймын мен сені,

Сезімімді бағала бірақ.

Ертеңіміз біздердің жұмбақ,

Мейлі маған тіл қатпа тіл қат.

Бір өзіңмен тең бағым, кел маралым кел маған,

Түн ұйқымды кеттіңғой ұрлап.

 

Жаным іздеймісің үзбеймісің,

Үміттей нәзік гүліңді.

Сен неге сезбейсің,

Мен сені сүйетінімді.

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы