+1 дауыс
943 көрілді
<p>
    <span style="color: rgb(255, 255, 0);"><span style="font-size: 16px;"><span style="background-color: rgb(255, 0, 0);">Мен Маңғыстауданмын! бізде той-садақа бола қалса қазан табақта ер адамдар рөль ойнайды! басқа аймақта олай емес деп естиміз! сол распа? басқа аймақта ер адамдар қазан басқарама той мерекеде?</span></span></span></p>

12 жауап

+1 дауыс
Шығыста,менің білетінім,етті тек ер адамдар пісіреді.Сол үйдің ең жақындары қалада,ал ауылда болғанда,ет асудың шеберлері болады сол жерлік,папам полковник болса да,сол адамдардың басқаруында болады. Себебі олар мастерлар))))

  Ал жайма не күрішін әйелдер  жасайды.
+2 дауыс
Біз жақта тітпті басқаша бәрін әйелдер оздері істейт. Бірде тусқанымыздын тойнда Қызылорданаң еркектері қазанды оз мойындарына алғанда таң қалған едік осындайда болады екен ау деп.
қай жақта?
Шымкентте
Тан қалма бауырым! Бізде сондай үнемі._)))
+1 дауыс
ҚЫзылорда жерінде.... бізде ерлер де әйелдер де қазан асуды мойындарына алады! тойда немесе құдажолда сол үй иесі өзі таңдайды, қазан асушыны! мысалы: ерлер болады өз к?сібі ретінде  істейтін! олар тиісті келіскен а?шасын алып жұмысын бітіріп береді! негізі тойдың асын 1 немесе 2 адамға ғана тапсыру керек және жалдап істеткен дұрыс! өйткені қазандағы пісіп тұрған немесе ауысып қалған шикі ас казан асушының үйіне аяғымен кетіп қалуы))) мүмкін!  қазан асушың сенімді болмаса жалдаған дұрыс ер адам болса ер адамды! өйткені ер адамдар тиісті ақшасын алад та кетеді!!! ешкім ренжімейді сол кезде
0 дауыс
мен атырау облысынанмын. атырау облысының қызылқоға деген ауданының сағыз деген ауылында дәстүр солай. той кезінде қазан басында ер адамдар жүреді. алғаш көргенімде таңғалғанмын
0 дауыс
Мен Кокшетаданмын! Бізде де ер адамдар табак жасасуга ат салысады
0 дауыс
Жоқ бізде ондай емес!Бізде кілең әйел адамдар істейді ондайларды.Ал мен Қызылорданыкімін
0 дауыс
Менде Маңғыстауданмын! Той-томалақта кәнешнә ер адамдар жүреді қазан басында. Негізі ер адам пісірмей-пісірмей, бір пісіргенде әйелдің пісіргені ойнамай қалады.
0 дауыс
Сұрақ жақсы қойылған.  Сонау Алтайдан Атырауға дейін шалқып жатқан қазақ арасында салт-дәстүрлердің азғана өзгешеліктері болуы әбден мүмкін. Негізі ауыл арасы,кішігірім(соғым басы, қонақкәде,ерулік т.с.с.) ас таратуларда қазақ ерекектері ас жасауға араласпаған, ал енді  үлкен жиындарда(айтулы тойлар,астарда) табақ жасау мен сол табақты тартуды арнайы дайындалған ер адамдар атқарған. Бұл жерде асты асу,қазанды қайнату,отты жағу,тұздық дайындаумен шатастыруға болмайды,оның бәрін бұл жағдайда әйел адамдардың берекелі қолы атқарған. ер адамдар тек қана табақ жасау,және табақ тартуға араласқан және оның өзіндік себептері болған. Үлкен жиындарда 100-200 үйлерге дейін тігіліп, соның бәріне қазақ даласының әр аумағынан арнайы қонақтар орналастырылған. Ол қонақтардың орнын,жөн-жоралғысын от басы-ошақ қасындағы әйел балалары біле бермегендіктен қонақ жайын жақсы білетін ер азамат басқарған және олардың әрқайсысына лайықты сыбағасын шатастырмай табақ жасай алатын табақшы ер адам болған. Ал енді соншама үйге табақты жігіттер атпен тасып тартатын болған. Міне мұның мәні сол. Қазірде үлкен жиындарда табақ жасау(ет асып,от жағу емес) ер адамдар жүргізетін жұмыс,Қазақстанның бар аймағында солай болар деп ойлаймын. Әрине бұны өзбек,ұйғыр еркектері сияқты қазан-ошаққа араласумен шатастыруға болмайды.
0 дауыс
Қызылордада еркектер еттің басында отырады ол тек ордада емес Қазақстанда соллай сияқты!!!!!!!!!!!!
және көп тойларда және сол сияқты жиындарда ЕР адам тамақ істидіііііііііііііііііііііііііі
0 дауыс
Менің туып өскен жерім Атырау облысы! Ал,сол Атырауда  ер адамдар қазан басына мүлдем жақындамайды! Барлығын әйелдер жасайды! Сойылатын қой,сиырларын тауып беретін,және оны сойып  беретін  ер адамдар! Бірақ олар қазан басына жақындамайды!
0 дауыс
ия ақтауда, жаңаөзенде жүрген кезімде ер адамдардың қазан сапырып жүргендерін көріп аузымды ашып қалдым.
Біздің Оралда ондай жоқ, қазан тек әйелдерге арналғанғой.
Босамау керек еркектер
0 дауыс
Жаңаөзенде етті асып, қазанның басында жүретін ер адамдар. Ал әйелдер нан жазып, қазанға салады. Табақ жасап, табақ тартуда ер адамның қолында.
...