0 дауыс
7.8k көрілді
Нағыз қазақтың"Апа" сөзін оның кім екенін тсүнбеүі мүмкінбе? Ондай адамдың  ҚАЗАҚ екеніне сенү мүмкінбе
Өзіңіздің жазғаныңызды өзіңіз түсіндіңіз бе?
Мына сұрақты бір жерден естіген сияқтымын)

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Апа сөзі қазақтарда үш түрлі мағынада айтылады. Біріншісі, Шымкент жақтарда "әже" сөзінің синонимі ретінде, мысалы, "апам мен атамның үйіне бардым", "жазда апамның аулына барып едім қыдырып......." деген сияқты. Екіншісі, кей жерлерде "әпке, әпше, тәте, сестра" сөздерінің синонимі ретінде қолданылады, бұл туралы бірнәрсе айта алмайм, өзім бұл мағынада қолданбағандықтан.. Үшіншісі, көбінесе фильм, сериалдардың қазақша аудармасында апа сөзін "ана, шеше, мама" сөздерінің синонимі ретінде қолданады, бұл туралы да ештеңе айта алмаймын. Осындай шатасулардан кейін, "апа" сөзін қандай мағынада қолданып жатқанын бірден түсіну қиын.
Жақсы жауап, тұшымды түсіндіру екен)
Дұрыс айтасыз мысалы біздің жақта (батыста) старшая сестра мағынасында қолданылады, бірақ мынандай ньюанстары бар, ата-әжесінің қолында болғандар туған шешесін де апа деп айта береді,
Сосын кез-келген өзіңнен үлкен әйел адамды да апа деп айта береді (ондайда апа сөзі адам атының жалғанады Мыс. Жанар апа деген сияқты).
Бірде мынандай оқиға болған Шымкенттің бір өзімнен үлкен бір қызына апа деп айтып қалып ренжітіп алғаным бар, "мен саған апа емеспін, тіпті тұрмысқа да шықпағанмын" деп жатып келіп ренжіді (Бізде өзіңнен үлкен барлық әйел адамға айтыла береді).
бізде (Шымкент) әжелерге, яғни қартайған әйел адамдарға ғана апа делінеді)
Апа сөзін мен әже деп түсінем сонда мен Шымкеттікпін бе не?))
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде    http://mtdi.kz/tusindirme-sozdik?start=1125
АПА    1. Бiр туған қыздардың жас жағынан үлкенi. - деп жазылған екен, негізінен әдеби тілде де сол мағынада қолданылатын сияқты, Мысалы:  Апасының киген тонын сiңлiсi де киер (Мақал). Апалы-сіңілідей - тату тәтті дегендер сияқты
Ако, жоқ, Астаналықсың. Негізі, Астаналықтар әр өңірдің диалектерін қолдана береді))
0 дауыс
Апа сөзі Атырауда әпке/тәте ретінде
Оңтүстікте әже ретінде қолданылады

Ұқсас сұрақтар

...