Қазақ тілі | 1.9k қаралды
1.9k қаралды
Жеміс туралы шығарма тезірек керек еді?

3 жауап

Жеміс – жидек түрлері

Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау-мақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (бо-тоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.). Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақы-лының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы.

Жеміс – құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т.б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек. Шырынды же-містің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий) жылтыры: шие, алма, балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік, қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ.Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.

Көкөніс дақылдары

Ол – негізінен шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр – жемісті өсімдіктер, баданалар, т.б. Көкөністердің 80 тұқымдасының 600 – ден астам түрі өсіріледі. Жеміс – ұрықтылар: қызанақ, қияр, бұрыш, жапырақтылар: қырыққабат (капуста), салат, баданақ: пияз және са-рымсақ, тамыр – жемісті өсімдіктер: сәбіз, қызылша, ақжелкен, шалғам. Нақты деректер бойынша, біз б. 3 – 
мыңыншы жылдары – ақ Ежелгі Қытай, Мысыр, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим көкөністер өсірумен ай-налысқан.

Жеміс – жидектерде де, көкөністер де дәрумендерге, шипалық қасиетке, азық–түліктік құндылық-тарға өте бай.

Жеміс, көкөністі жуып жеу

Тұрмыста жеміс – жидек, көкөністерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен жуып, оны микроскоппен қарап көріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын құж – құж қаптап жатқан құрттарды (микробтарды) көресіз.

Жалпы, жеміс – жидектерден ауруға, түрлі зиянкестерге қарсы бүркілген түрлі улы химикаттардан жақсылап жуу арқылы ғана арылуға болады. Шетелден әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю қа-жет. Мамандар басқа мемлекеттерден әкелінген жемісті балаларға берер алдыңда 1 сағаттай салқын суға салып қоюға ақыл – кеңес береді. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға шығады. Ал мұндай алманың қабығын мүмкіндігінше, аршып жеген дұрыс.

Шіріген жері бар жемісті жемеу

Жемістің дәрумендерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі. Егерде қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбайды. Себебі, ол мұнда нитраттардың көптігін таныта 
ды. Нитраттарды кетіру үшін қиярды бір күн тұзды суға салып қояды, бірақ та бұлай жасағанда оның дәрумендері жойылып кетеді.

Шіріген түгілі, сәл дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені, кішкене бұзылса болғаны, кез–келген бақша дақылының өнбойында митоксин деп аталатын улы зат түзіледі. Ол зақымдаған тұсты ойып алғаннан жойылмайды. Сол жемісті, көкөністі қайнатып, қайнатпаға (варенье) айналдырса да әлгі улы зат кетпейді. Ал ол бауырды, жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп болады.

Жеміс, көкөністі сақтау

Жеміс, көкөністі ашық күйде сақтауға болмайды. Олай жасаса, біріншіден, олар түсін, екіншіден, өздеріне тән дә-мі мен хош иісін жоғалтады. Сол себепті жеміс, көкөністі шыны ыдысқа салып, желім қалпақпен аузын жауып, мұздатқышта сақтайды. Кейбір көкөністерді (көк жуа, аскөк, т.б.) жақсылап жуып, дымқыл орамалға орап, кәдімгі жұқа қалтаға салып, мұздатқыштың астыңғы қаба-тына қойса, ол бірнеше күн сол күйінде сақталады.

Жеміс ағашын отырғызу – сауап

Ұлық Пайғамбарымыз Мұ-хаммед (с.ғ.с.) адамдардың жеміс ағашын отырғызып, жемісін игілікке жаратуын құптап, қолдаған. Ол бұл орайда өзінің хадис шәрі-бінде былай дейді: «Егер мұсылман кісі жеміс ағашын отырғызып, одан адам, хайуанат, немесе құстар дәм татса, көлеңкелесе, мақшар күніне дейін садақатты сауапқа қалады».

Көкөністі қалай қайнатады?

С дәрумені бар көкөністі аз қайнатады. Және де оны алюминий ыдыста қайнатқан жөн.

Тазаланған картопты суда көп ұстамайды. Су алғашқы жарты сағатта картоптың құнарлығының 40 пайызын жояды. Ұсақ кесілген картоп көп дәруменін жоғалтады.

Көкөністі баяу отта, қақ-пағын жауып қайнатқан дұ-рыс. Ең пайдалысы – қабығын аршымай қайнату. Қайнап жатқан суға лимон қышқылын қосса, картоп 7 пайыз ғана дәруменін жоғалтады.

Көкөністі қайнатып пісіргенде, жемістің құрамындағы коратин бұзылады. Қайнатыл-ған сәбізде коротин шикі сәбізге қарағанда екі есе аз болады.

Қырыққабаттың ішкі бө-ліктерінен гөрі сыртқы қа-бықтарында коротин мен С дәрумені өте бай. Сол себепті, оны қайнатқанда қабығын аршымай, жақсылап жуып қайнатқан дұрыс. 
Көкөністерді қайнатқан-да, құрамындағы минералды тұздар азаяды. Картоп 20 пайыз тұз жоғалтады. Сондықтан, картоп мейлінше аз суда қайнатады.

Жеміс – жидектен жасалған тағамдарды тамақ ішерден 1 – 1,5 сағат бұрын дайындау қажет. Үш сағат өткен соң картоптан жасалған сорпада 40 – 60 пайыз дәрумен қалса, алты сағаттан соң ізі де қалмайды. Жеміс – жидектерді шикі күйінде, әрі қабығымен жеу керек. Өйткені, ішкі бөлігіне қарағанда, қабығындағы дә-румен бірнеше есеге көп.

Көкөніс, жеміс – жидектің шипасы

Асқабақ. 1.Апиын уын қайтару үшін оның етін жаншып, суын сығып алғаннан кейін, уланған адамға тиісті мөлшерде ішкізеді. 
2.Отқа немесе қайнаған суға күйіп жарақаттанғанда, асқабақ етін жаншып (тазалығына көңіл бөліңіз), жараға таңады. 
3.Өкпеге шығу шыққанда, асқабаққа 250 г сиыр етін қосып, суға пісіріп, тамақ орнына жейді. Май мен тұз қоспайды. 
4.Құртты түсіру үшін іш-кі асқабақ етінен ересектерге 500 г, балаларға 350 г жегізді, 2 сағаттан соң іш айдайтын дәрі ішкізеді, сонда құрт түседі. Дәріні 2 – 3 күн ішеді. 
5.Таспа, сазан құрттарды түсіреді. 
6.Көкжөтелге ем болады. 
7.Тұқымының 1 келісін суға қайнатып, геморойды күніне 2 рет булайды. 
8.Балалардың жұтқыншағы ауырғанда емге қолданады. 
9.Жүрек әлсіздігінен жүдегенге шипа. 
10.Босанғаннан кейін аналардың омырау сүті азайғанда қабығы мен ішкі тұқымын дәріге орап қайнаған сумен ішеді.

Алма. Адамдардың тамақ-қа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.

Алмұрт. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуық-қа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді.

Өрік. Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамын-да органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар.

Жүзім. Оның жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді. Шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет ішсе (бір шай қасықпен), бауырды жазады, оның күіп, сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазып, қан қысымын төмендетеді. Буынына суық тигенде қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау қасиетіне ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдейді. Қара жүзім шырыны қан бөгелуін болдырмауға шипалы. Жүрек шаншып ауырғанда сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Жүзімнің шырынына алма сірке суын қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық сірке суы қосылады. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти – кансерогендік ықпалы күшті.

Лимон. Шіру процесіне қарсы шипа. Басқа әдістермен тәннен уытты зат-тардың шөгінділерін шыға-ра алмағанында, оны лимонмен шығарады. Австралия оқымыстыларының ойынша, «лимон шырыны СПИД –ке қарсы күресте арзан және әсері күшті дәрі». Орта ғасырларда халық медицинасында лимонның шырынын ұрықтануға қарсы қолданған.

Қант диабетімен ауы-ратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады. Лимонның шырынын сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді тазартады. Жаңағы шырынды күн сайын 50 грамнан 3 рет үзбей бір ай ішсе, бүйректегі тас пен құм түседі. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтері-луі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.

Банан. Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем. Бананды үй жағдайында сақтау үшін тоңазытқышқа салмайды. Ол он градустан төмен температурада тез бұзылып, тағамдық сапасын жоғалтады.

Құрма. Ежелгі араб ғұла-малары оның 350 – ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептейді. Шырынынан сергітетін сусын жасалады. Құрмадан жүзден астам тағам дайындалады. Құран, хадистерде құрма – жұмақ жемісі деп аталады. Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған.

Қант қызылшасы. Қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдаланады. 1.Көк бауыр ауырғанға: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе, көк бауырда-ғы бөгеттерді ашады. 2.Бір жақ шеке ауырғанда, қол – аяқтың қалтырауына: қант қызылшасының суық балмен араластырып мұрынға тақса, ауру белгілері жеңілдейді. 3.Құлақ ауырғанға: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады. 4.Шаштағы битті жоюға, қайызғақты кетіруге: жа-пырағының суымен шашты жуады. 5.Іш кернесіне: қант қызылшасын қыша сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады. 6.Адам ағзасындағы түрлі қоқыс – қалдықтарды, артық тұздарды қуады. 7.Қызылша тұнбасы сәбіз, қияр шырыны қосылып әзірленеді. Еркектердің жыныс безін зиянды элементтерден артылту үшін күніне бір мезгіл таңертеңгі астың алдында не соңынан жарты стақан қызылша шырынын ішу қажет. 
Сәбіз. Ол адамзат баласына біздің ғасырымызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пай-даланған. Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысы-мын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері (эритроцит) мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбіздің сары өзегі жүрек бұлшық етінің шар-шағанын басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында Холестериннің шапшаң бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Сәбізді оттегі және қуықтағы тасқа қарсы пайдаланады. Дәрігерлер сәбіз шырынын жүкті әйелдерге, ой еңбегімен шұғылдана-тындарға ішуге кеңес береді. Халық медицинасында сәбізді бұрыннан несеп айдау мен ішек құртына қар-сы, қан аздыққа, әлсіреуге, ішек-қарын қызметінің бұзылуына, балалы әйелдің емшек сүтінің жетіспеуіне, құрт ауруының (туберкулез) алғашқы кезеңдерінде, белсіздікке қарсы ішу ұсыны-лады. Осы мағсатта сәбізді сүтке қайнатып та жейді. 
Қырыққабат. Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қо-рытуды жақсартады. Ашы-ған қырыққабатты ас қо-рыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жү-рек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабатсеміру-ге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұ-зылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жара-сының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет.

Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қыш-қылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолда-нылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқы-рағанда ауырған жерге 
қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Қырыққабаттың құ-рамында асқазан жарасына ем болатын заттар бар. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қы-рыққабат шырынының құра-мындағы күкірт пен хлор, иод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққа-бат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады.

Қияр. 3 қасық ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстық-тай құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып, қал-дығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады. 
Қызанақ. Ол бірінші-ден, тағам ретінде өте пайдалы.оның құрамында қант, пектиндік, азоттық заттар, алкалоид, минералды тұздар мол. Екіншіден, қызанақта А, В, В әсіресе, С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипа-лық қасиеті жақсы. Асқазан 
жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Ол каротин, калийге де бай. 
(Жалғасы бар).

Жеміс жидек қазақстанда өсетін жеміс жидек дақылдары және оның көбейуі

Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктері 

Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекше маңызы бар. В. И. Мичурин өзінің еңбектерінде «Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті — бағалы сорт сапаларының бірі» деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер овощ шаруашылығында аз өнімді немесе төзімсіз сорттарды тез арада жақсы сорттармен алмастыруға мүмкіндік болса, ал бау шаруашылығында сортты іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін тузеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Мұнда аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының (ірілі-ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға жарамдылығы, сақталғыштығы) жақсылығы жатады.

Өздерінің қасиеттері бойынша осы айтылғандарға сай келген сорттар облыстарға немесе аудандарға ұсынылатын стандартты сорттар тізіміне енгізіледі және өндірістік жағдайларда, сонымен бірге үй іргесіндегі учаскелерде, питомниктерде өсіріліп көбейтіледі. Болашағы зор жаңа сорттар өндірістік жағдайда кеңінен сынау үшін көбейтіледі.

Алманың және алмұрттың сорттары — ерте пісетін, пісуі орташа және кеш пісетін болып бөлінеді. Сонымен бірге жемісінің пісуі мезгіліне қарай олардың күздік және қыстық сорттары болады. 
Жаздық сорттар еккеннен кейін 3—4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Мұндай сорттың толық жеміс беру мезгілі 15—20 жылдан кейін болады. Ал, 30—35 жыл өткен соң мұндай сорттардың жеміс ағаштары құри бастайды.

Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының-көп жыл бойы жүргізген стационарлық зерттеулері мен өндірістік екпелерге жасалған экспедициялық тексеру материалдарының негізінде алма мен алмұрттың сорттарының шаруашылық-биологиялық ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріліп отыр.

Жаздық сорттар: Анис бархатный (Анис алый, Анис сафьяновый), Белый налив (Алебастровое, Налив белый, Налив сквозной, Налив белое), Грушовка московская (тез пісетін қысқа сабақты сорт), Июльское, Мальт багаевский, Пеструшка (Қонфетное), Раннее колхозное, Суйслеппер (Белое-розовое, столовое, Суйслеппское, Столовка), Яндыковское, Мельба, Кальвиль уральский румянный.

Күздік сорттар: Боровинка (Харламовское), Мильтон, Осеннее полосатое (Штрейфлинг), Ренет казахстанский, Славянка, Ефимовское, Заря Алатау, Исилькульское, Любимец, Пепинка алтайская, Пепинка литовская, Ренет Бурхардта, Ренет золотой Писгуда.

Күздік-қыстық сорттар: Алма-Атинское зимнее, Антоновка новая, Бабушкино, Бельфлер алмаатинский, Золотое Грайма, Грушовка вернёнская, Заилийское, Зимнее банановое (Банан зимний), Красный железняк (Красное железное, Красное Айзера, Красный Эйзер), Мекинтош, Пармен зимний золотой, Пепин шафранный, Ренет золотой Писгуда, Ренет орлеанский (Зимний шафран, Красный шафран, Шафран), Северный синап, Ренет Симиренко, Розмарин белый, Румянка алма-атинская, Алтайский голубок, Анис алый, Анис полосатый, Антоновка обыкновенная, Апорт, Голден Делишес (Золотое превосходное), Горноалтайское, Грушовка талгарская, Жаңа-алма, Қальвиль Қацейко, Кандиль-китайка, Милтон, Ренет Моисеева, Розмарин белый, Салтанат, Скрыжапель, Уральское наливное. 
Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алу. Тұқымдар мен сорттарды іріктеп алғанда әрбір облысқа климат жағдайына қарай ұсынылған стандартты сорттарды басшылыққа алу кажет. Бұл сорттар жемісінің пісу мерзімі мен пайдалануға жарамдылығы, бау иелерінің қажетін қанағаттандыру дәрежесі де ескерілгені жөн. Мұнда мейлінше көп сақталынатын қыстық сорттарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Стандартты сорттарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын сорттың бір немесе екінші турін кебейтіп жіберу — әсіресе өнімді жинаған, сақтаған, еңдеген кезде көптеген қиыншылықтарды туғызады. Сондықтан жеке меншік бақ учаскесінде еңбекті дұрыс ұйымдастыру мақсатын көздеп, белгіленген ағаш тұқымы мен сорттардың өзара теңбе-теңдік тәртібін мұқият орындау керек. 
Жеміс дақылдарының аудандастырылуы

Оңтүстік аудандарда (Қызылорда, Шымкент облыстарында): 
Алма. Розмарин белый, Пармең золотой зимний, Ренет Симиренко, Қандиль синап, Ренет Орлеанский, Золотое Грайма, Налив белый, Бойкен, Ренет Ландсберга, Апорт, Ренет Бурхардта, Пеструшка, Суйслеппер. Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін негізінен Титовка, Грушовка московская, Ренет курский золотой, Мичуриндік сорттар — Бельфлер-китайка, Пепин шафранный, Кандиль-китайка.

Алмұрт. Лесная красавица, Любимица Клаппа, Вильямс, Бере Боск, Фердинанд, Жозефина Мехельнская. Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін — Лимонка, Бессемянка, Бере зимняя Мичурина.

Алхоры. Шабдалы алхорысы, Ренклод зеленый, Венгерка итальянская және домашняя, Екатерининская, Анна Шпет, Виктория, Қызылорда облысының солтүстік аудандары үшін — ерте пісетін қызыл алхоры, Канадская.

Шие және қызыл шие. Любская, Шпанка крупная, Дрогана желтая, Бычье сердце, Қызылорда облысыныц солтүстік аудандары үшін — Владимирская, Растунья.

Оңтүстік шығыс аудандарда (Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарында):

Алма. Оңтүстікке арналған сорттар Зеленка, Грушовка верненская және Бернское розовое; Талдықорған облысы үшін негізінен — Суйслеппер, Пеструшка, Ренет Бурхардта, Апорт, Белый налив, Титовка, Ренет золотой курский, Антоновка және Мичуриндік сорттар, Заря Алатау, Румянка алма-атинская, Золотое превосходное (Голден Делишес).

Алмұрт. Лесная красавица, Зеферена грегуар, Талгарская красавица, бұлар негізгілері, ал кеңінен сынау ретінде оңтүстік аймақтарға арналған басқа сорттар – Талдықорған облысы үшін — Лесная красавица, Бессемянка және Бере зимняя Мичурина.

Алхоры. Оңтүстікке арналған сорттар, сонымен бірге Ренклод прозрачный, Ренклод Альтана, Венгерка ажанская, Марковтыні алхорысы және Тәтті қара алхоры.

Шие және қызыл шие. Любская, Шпанка крупная, Владимирская, Остгейм Гриоты, Дрогана желтая, Талдықорған облысы үшін негізінен Любская, Шпанка, Владимирская, Растунья және Плодородная Мичурина 
Солтүстік шығыс және батыс аудандарда (Семей, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Целиноград, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Орал, Гурьев, Жезқазған және Маңғышлақ облыстары): 
Алма. Анисик омский, Уралец, Желтый налив, Таежное, Хорошавка, Фермская, Китайка анисовая, Ефремовское, Красноярский гибрид, Крупноплодная Китайка, Китайка золотая ранняя, Каргас. 
Батыс облыстарда — Анис, Грушовка московская, Мальт, Воровинка, Титовка, Яндыковское, Скрут, Бельфлер-китайка, Пепин шафранный, Астарханское белое, Пепин литовский, Украинка, Шафран-китайка. 
Жатаған түрде — орталық орыстық және мичуриндік барлық сорттар, сонымен бірге Апорт, Пеструшка, Ренет Бурхардта. 
Алмұрт. Лукашовтың сорттары және Уссурийск алмұртының іріктелген түрлері. Батыс облыстар үшін — Бессемянка, Бергамот волжский, Лимонка, Бере зимняя Мичурина сорттары жатады. 
Алхоры. Уссурийск және Канада алхорыларының іріктеліп алынған түрлері, алхоры-шие будандары, Скороспелка, Венгерская домашняя. 
Шие және қызыл шие. Далалық және құмдық шиелердің іріктеліп алынған түрлері, Воилочная вишня, жатаған түрлері — Краса Севера және Плодородная Мичурина. 
Батыс облыста да — Владимйрская, Растунья, Любская, Морель розовая, Краса Севера, Плодородная Мичурина.

ЖЕМІС СОРТТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Алма. Апорт (Апорт Александр және темно-красный Апорт)—Алматы, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстарының біраз аудандары үшін негізгі сорт. Төсемелі түрде республиканың солтүстік-шығыс облыстарында да өсіріледі. Бұл сорт қысқа мейлінше төзімді, 7—8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өнімі аса мол, әрбір жеміс ағашы жылына 300—400 кг дейін өнім береді. Жемісі ірі келеді, бір алмасының салмағы 500— 600 грамға дейін жетеді, түсі әдемі жарқын болады. Бұл сорттың жемісі сентябрь айының жартысында піседі, январь-февраль айларына дейін еркін сақтауға болады. Мұндай сорттың жеміс ағаштарын желдің күйдіруінен қорғау керек болады. Бұл республикадағы жеміс ағаштарының ішіндегі ең бағалы сорттарының бірі. 
Ең жақсы тозаңданатын сорттар — Грушовка верненская, Зеленка, Ренет, Ландсбергский және Пеструшка. 
Анис. Негізінен Батыс Қазақстан және Гурьев облысында тараған. Бұл сорт қысқа төзімді, ұзақ жасайды және мол өнім береді (орта есеппен әрбір ағаш 100— 120 килограмға дейін өнім береді). Бұл сорттың жемісі августа піседі, ноябрь айына дейін сақталады. Тозаңдатқыштары — Украинка, Мальт және Антоновка. 
Антоновка обыкновенная. Алманың байырғы сорттарының бірі. Республикамыздың батыс облыстарында жиі кездеседі. Бұл сорт қысқа, суыққа төзімді. 6—8 жылдан кейін өнім бере бастайды. Мейлінше мол өнімді, әр ағаштан бір жарым-үш центнерге дейін өнім жинауға болады. Бұл сорттың жемісі сентябрьдің бас кезінде піседі, январь айына дейін сақталады. Жемісінің ірілігі орташа. Дәмі қышқыл-тәтті келеді, осыған сәйкес хош иісті болады. Солтүстік-шығыс облыстарда төсемелі түрде өсіріледі. 
Анис омский. Солүстіктен шыққан ерте пісетін сорт, егілгеннен соң 3—4 жылдан кейін өнім бере бастайды, қысқа мейлінше төзімді, әдетте жартылай сидам сүректі және түпті түрде өсіріледі. Жемісі. августа піседі, салмағы 30—40 грамға дейін жетеді. Дәмділік сапасы қанағаттанарлықтай. 
Белый налив. Жаздық сорт. Ағашы қысқа төзімді келеді, бірақ солтүстікте жатаған түрде ғана өсіріледі. Ағаш егілгеннен кейін 4—5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Жемісі июльде піседі. Сақтауға жарамсыз келеді, жаздық ерте пісетін сорт ретінде бағалы. 
Бернское розовое. Күздік сорт, қысқа төзімділігі орташа, мол өнімді келеді. Ерекше хош иісті сұлулығымен бағалы жеміс. 
Бельфлер-Китайка. И. В. Мичурин өсіріп шығарған бағалы күздік-қыстық сорт. Жемісі ірі, түсі әдемі, өте дәмді келеді. Егілгеннен кейін 5—6 жылдан соң жеміс береді. Өнімділігі жақсы. Жемісі августың аяқ кезінде және сентябрьдің бас кезінде піседі, ноябрь-декабрьге дейін сақталады. Солтүстік облыстарда жатаған түрде өсіріледі. 
Боровинка. Орыстың күздік байырғы сорты. Ағашы қысқа төзімді. Әрбір ағаш 2 центнерге дейін жеміс береді. Жемісінің ірілігі орташа, түсі көкшілсары жол-жол болады. Дәмі қышқыл-тәтті. 
Золотое Грайма. Бағалы оңтүстік сорт. Қысқа төзімді, өнімділігі орташа. Жемісінің түсі сары, домалақ болып келеді. Өте дәмді деп есептеледі. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ғана өсіруге болады. 
Грушовка верненская (алма-атинская) Алматы облысындағы аса бағалы қыстық алма сорты. Ішінара Жамбыл және оңтүстік облыстарға да тараған. Қысқа төзімділігі орташа. Еккеннен кейін 7—8 жылда жеміс бере бастайды. Өнімділігі жақсы. Жемісі орташа және ұсақ келеді. Түсі қызыл болады, қабығы астында көптеген түйіршіктері бар. Дәмі қышқыл-тәтті. Жемісі февраль-март айларына дейін сақталады, бірақ кейде қабық астындағы ноқаттары шіріп кетеді. Грушовканы ең жақсы тозаңдатқыш — Зеленка. 
Грушовка московская. Жазда пісетін орталық орыс жерінің байырғы сорты. Қысқа төзімділігі жақсы. Мол өнім береді. Жемісі майда, түсі сарғылт-қызыл, өте сүйкімді қышқыл-тәтті дәмді болады. Июль айында піседі. Піскеннен кейін жемісі тез түсіп қалады. 
Ефремовское. Солтүстіктен шыққан сорт. Ағашы қысқа мейлінше төзімді болады және ерте пісіп жеміс береді, 3—4 жылдан кейін. Жемісі майда келеді, түсі сары, өте дәмді, август айында піседі, сентябрьге дейін сақталады. 
Зеленка. Қыстық сорт. Ағашы қысқа төзімді болады, 6—7 жылдан соң жеміс бере бастайды. Өнімділігі жақсы, жемісі ірі болады. Түсі көкшіл, дәмінің сапасы орташа, біраз құрғақтау келеді, февраль-март айына дейін сақтауға болады. 
Кандиль синап. Оңтүстік үшін аса бағалы қыстық сорт. Мұның жемісі, май-июнь айына дейін ұзақ сақталады, қысқа төзімділігі орташа, жемісті өте кеш, 12—-15 жылдан кейін барып береді. Жемісі тез пісіп қалады, сондықтан мұның ағаштары жақсы қорғанысты керек іетеді. Бұл сорттың жемісі сентябрьдің аяқ кезінде және октябрьдің басында піседі. Жемісінің ірілігі орташа, кейде ірі де болады, формасы цилиндрге ұқсайды, түсі қызыл дақты сары болады, өте шырынды, дәмді келеді. Ең жақсы тозаңдатқыштары — Апорт, Розмарин белый, Пеструшка. 
Китайка золотая. Бұл сортты И. В. Мичурин өсіріп шығарған. Жемісі өте срте, июльдің бас кезінде піседі. Ағаш егілгеннен кейін 3—4 жылда, кейде тіпті питомникте өсірілгеннің өзінде-ақ жеміс бере бастайды. Жемісі ұсақ келеді, өте дәмді болады. Солтүстік аудандар үшін аса бағалы сорт деп есептеледі. 
Китайка крупноплодная. Бағалы сорт. Ағашы қысқа төзімді және мол өнімді болады. Жемісі ұсақ, бірақ кәдімгі китайкадан 4—5 есе ірі келеді, түсі өте әдемі, дәмділігі орташа. Өсіруге өте қолайлы сорт. 
Китайка анисовая. И. В. Мичурин өсіріп шығарған, қысқа төзімділігі жоғары. Бұл ерте жеміс беретін, мол өнімді сорт, жемісі де өте сапалы болады. Кәдімгі қалыпта өсірген жағдайда солтүстік үшін бағалы сорттың бірі. 
Карагас. Республикамыздың солтүстік облыстарында кәдімгі қалпында өте төзімді келеді. Жемісі ірі, салма-ғы 40—60 грамға жетеді, пішіні сопақ, түсі түрлі бояулы көрікті. Бұл солтүстік облыстарда өсіруге қолайлы сорт. 
Мальт багаевский. Әдемі түсті жемісінің ірілігі орташа, аса бағалы жаздық сорт. Ағашы қысқа мейлінше төзімді және мол өнімді келеді. Алты жылдан кейін жеміс бере бастайды. 
Пармен зимний золотой. Оңтүстік үшін өндірістік бағалы сорт. Республиканың оңтүстігінде көп тараған, ағашының қысқа төзімділігі орташа, 5—6 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өте мол өнімі болады. Жемісі ірі және орташа, түсі қызыл жолақтары бар сары келеді, дәмі аса тәтті, августың аяқ кезінде, сентябрьдің бас кезінде піседі. Март-апрель айларына дейін сақталады. Бұл сорт айналасына жылы қорғаныс жасалған учаскеде жақсы өседі. 
Пеструшка. Алматы облысында, ішінара республиканың оңтүстігіндс тараған. Бұл сорт қысқа төзімді, мол өнімді (әрбір ағашы 300—350 киилограмға дейін жеміс береді), егілгеннен кейін 7—8 жылдан соң өнім бере бастайды. Жемісінің ірілігі орташа, жолағы бар, қызыл түсті келеді, дәмді, хош иісті болады. Август айында піседі. Бұл кезде ерте пісетін сорт ретінде тасымалға қолайлы келеді. 
Пепин шафранный. Аса бағалы И. В. Мичурнн өсірген сорт. Ағашы 4—5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Мол өнімді келеді. Жемісі сентябрьде піседі, декабрь-январь айларына дейін сақталады. Жемісінің ірілігі орташа, түсі қызғылт, өте дәмді. Ағашы қысқа төзімді болады. Бұл сорт республикамыздың оңтүстік шығыс облыстарының тау баурайында, республикамыздың батысында және солтүстігінде (жатаған түрде) кеңінен өсіруге қолайлы келеді. 
Ренет Бурхардта. Алматынын күздік жақсы сорттарының бірі, Алматы облысында және республиканың оңтүстігінде көп тараған, ағашы қысқа төзімді және биік келеді. 5—6 жылдан соң жеміс бере бастайды. Жылма жыл аса мол өнім беріп отырады, әрбір жеміс ағашынан 150—200 килограмға дейін өнім жинауға болады, жемісінің ірілігі орташа, түсі сары келеді, август айында піседі, декабрь-январь айларына деңін сақталады, тасуға қолайлы, дәмі жақсы. Солтүстікте жатаған түрде өсіруге болады. Ең жақсы тозаңдатқышы — Суйслеппер. 
Ренет Ландсбергский. Алманың мол өнімді, ерте пісетін оңтүстік сорты. Қысқа төзімділігі жеткілікті емес. Жемісі ірі, көкшіл-сарғылт түсті, жұмсақ, шырынды келеді. Сентябрь айының аяғында піседі, апрель-май айына дейін сақталады. Бұл сорттардың ағаштары айналасында қорғаныс болған жерде жақсы өседі. Ең жақсы тозаңдатқыштары — Пеструшка, Пармен зимний золотой. 
Розмарин белый. Алмасы оңтүстіктегі өндірістік ең жақсы сорттың бірі. Өнімі мол болады, әрбір ағаштан 400 килограмға дейін өнім жиналады, бірақ жеміс беру мерзімі өте ұзаққа созылады, егілгеннен кейінгі 12— 14 жылдан соң барып жеміс бере бастайды. Ағаштары аса ірі, әрі қысқа төзімді келеді. Жемісінің ірілігі орташа және ұсақ, сүйір ақ түсті, қызғылт дақтары болады, аса шырынды және дәмді келеді, сентябрь айының аяқ кезінде және октябрь айының бас кезінде піседі, майға дейін сақталады. Ең жақсы тозаңдатқыштар — Кандиль сннап, Золотое Грайма, Белый налив. 
Ренет Симиренко. Ағашы ерте жеміс беретін оңтүстіктің бағалы сорты. Қысқа онша төзімді емес, өнімді, жемісі ақшыл, бөрткені бар көгілдір түсті, ете дәмді келеді, октябрь айында піседі, сентябрьге дейін сақталады. Жылы және айналасында қорғанышы бар жерде жақсы өседі. 
Ренет орлеанский. Алмасы оңтүстіктің бағалы сорты, республикамыздын, оңтүстігіне және Алматы облысына тараған. Ағашының қысқа төзімділігі және жеміс беруі орташа келеді. Жемісінің дәмі тәтті, мейлінше тығыз болады, түсі әдемі, октябрь айында піседі, март-апрель айына дейін сақталады. 
Ренет золотой курский. Алманың-қысқы сорты. Ағашы суыққа жеткілікті төзімді, мол өнім береді. Жемісінің түсі сары, өте ірі жалпақ домалақ келеді, шырынды, дәмі тәтті-қышқыл болады, октябрьдің бас кезінде піседі, апрель-май айына дейін сақталады. Бұл өте төзімді сорт, кеңінен таратуға болады. 
Суйслеппер. Алманың жаздық тәтті сорты. Алматы және Талдықорған облыстарында тараған. Оңтүстікте де кездеседі. Ағашы қысқа жеткілікті төзімді. 7—8 жылдан кейін өнім бере бастайды. Өнімділігі жақсы, бірақ жыл сайын жемісті үздіксіз бермейді. Жемісі орташа, түсі ақ, қызғылт келеді, жемісі мейлінше жұмсақ болады, июль айында піседі. 
Славянка. И. В. Мичурин шығарған сорты. Ағашы суыққа төзімді, мол өнімді келеді, 5—6 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Жемісінің ірілігі орташа, түсі көкшіл-сары болады, дәмді келеді, авғустың аяқ кезінде піседі, ноябрьге дейін сақталады. Солтүстікте жатаған түрі жақсы өседі. 
Титовка. Алманың күзде пісетін, суыққа төзімді, орыстың ежелгі алма сорттарының бірі. Мол өнімді, бірақ мұның жемісі іріктеп, жинап алуды керек қылады. Жемісі ірі келеді, түсі қызыл-жолақты, август айында піседі, сентябрьге дейін сақталады.

Таежное. И. В. Мичурип шығарған сорт. Суыққа мейлінше төзімді. Жемісті ерте береді. Жемісі ұсақ, дәмді, орташа келеді. Солтүстік аудандарда және егін қорғайтын орман алқаптарына өсіруге болады. 
Заря Алатау. Алманың күздік қышқыл тәтті сорты. Алматы облысының таулы, тау етегіне тараған. Суыққа төзімді. Әр түрлі ауруға шыдамды. 5—6 жылдан кейін өнім береді. Өнімділігі мол, бір ағаш түбінен 150— 170 кг. Май айына дейін сақталады. Жемісі орташа, түрі көк сары, хош иісті. 
Салтанат. Күздік-қыстық сорт, Алматы облысына тараған, суыққа, әр түрлі ауруға төзімді, 8—9 жылдан кейін өнім береді. Өнімді жыл сайын береді. Сентябрьдің аяғында жемісін жинайды, май айына дейін сақтауға болады. Жемісі ірі көк-сары, тығыз, қышқыл-тәтті, ароматты иісі бар. 

Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады. Жемістің түзілуіне жататынымен бірге гүлдің басқа да бөліктері қатысады, жеміс қабырғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарды қосып жеміс серігі дейді. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді:

Шырынды жемістер (1-сурет) шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан жемістері. Жидек тәрізді жемістер – көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт – сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістілерге – апельсин, мандарин, лимон жатады, өзінше гесперидий (померанец) тобына жатқызады. Асқабақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері жидек тәрізді делінгенмен, өз алдына асқабақты жемістер деп аталады. Оларға: қияр, қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша мен күлтенің түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында 2-ден тұқым орналасады. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма өзінше «алма жеміс» деп аталады. Алма жеміске: алма, алмұрт, беже және т.б. жатады              

Алма Шие (сүйекті шырынды)  Алхоры (сүйекті шырынды)       

Қарлыған (жидек)  Жүзім (жидек)

1-сурет. Шырынды жемістер.

Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті – шырынды, ішкі қабаты – қатты сүйектенген. Бір тұқымды жемістерге шие, алхоры, өрік, шабдалы және т.б. жатады. Сүйекті жемістердің құрғақ түрі де кездеседі, мысалы, бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы және т.б.

Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүректенген, құрғақ (кебу) болады (2-сурет).

Қауашақ (мақта)  Бұршаққап (асбұршақ)  Бұршаққын (қырыққабат)  Бидай дәнегі        

Қанатша (үйеңкі)  Емен жаңғағы   Тұқымша

2-сурет. Құрғақ жемістер

1. Бұршаққап – бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері (тігістері) өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады (асбұршақ, беде).

2. Бұршаққын – қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі қырыққабат, шомыр, шалқан да болады. Ұсақтау түрі бұршаққынша деп аталады.

3. Қауашақ – бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы, меңдуанада қауашағының қақпақшасы ашылады. Сасық мендуана, сүттіген, шегіргүлде, қызғалдақта жіктері шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды.

4. Қанатты жеміс – жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған. Жел арқылы таралады (үйеңкі, шегіршін, қайың, шаған және т. б.).

5. Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.

6. Тұқымша – дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген. Көбінде үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре).

7. Жаңғақ жемістің жеміс серігі ағаштанып қатайып кетеді. Тұқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады (емен жаңғағы, жаңғақша және т. б.).

8. Жинақталған жемістер. Жинақталған жемістер (сборные плоды) бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген. Құлпынай (клубника), итмұрын жемістері шырынды болып көрінгенімен құрғақ, көп жаңғақшалы жинақталған жеміске жатады. Жаңғақшалары шырынды гүлтабанының (гүлтұғыры) ішінде жеке-жеке орналасады.

3-сурет. Жинақталған жемістер

Таңқурай мен бүлдірген (ежевика) жемістері көп сүйекті жинақталған жемістерге жатады (сборная костянка). Көп сүйектері шырынды гүлтабанының ішінде жинақталған. Сонымен, құлпынай, итмұрын жемістері көпжаңғақшалы, таңқурай, бүлдірген жемістері көп сүйекті жинақталған жемістерге жатады. Сәбіз, балдырған, аскөк, жалбыз өсімдіктерінің жемістері бөлшекті жаңғақша жеміс делінеді.

Ананас, тұт, інжір жемістері біріккен жеміс (соплодия), себебі олар гүлшоғырдан түзіледі.

118,378 сұрақ
305,265 жауап
153,296 пікір
67,626 қолданушы