Қазір жасым 19-да, оқу оқып, қосымша қаражат тауып жүрмін. Жақында үйге барсам, үлкендер "армияға барасың ба?" , "бармасаң жұмысқа алмайды ғой" деген сияқты әңгімелер айтып жатыр.. Енді сұрайын дегенім, армияға бару мен бармаудың кемшіл тұстары қандай? Мысалы, армияға бармасам мемлекеттік (кейбір жекеменшік) жұмыстарға алмайды (алуы да мүмкін)., өмірдің бір қызығын көре алмай қалам (өмірден полчандарсыз өтуім де мүмкін)., т.б. Барсам, 1 жыл (1,8 жыл) уақытымды босқа кетіруім де мүмкін (сол уақыт аралығында оқу оқып, ілім алуға, жұмыс істеп ақша табуға, отбасын құрып, бала бағуға т.б. тірліктерді тындыруға болады) ., Денсаулыққа кері әсері тиіп кетуі де мүмкін.. Жалпы, қазіргі заманда армияға барған дұрыс па, бармаған дұрыс па?! Армияға бармай да ел қатарлы өмір сүріп, "адам" болуға болады ғой?! Өзіңіз армияға барғансыз ба??! Ой бөліссеңіздер!?