+1 дауыс
94.8k көрілді

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні - 1 наурыз, Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі.

Алғыс айту күні

2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.

Осы бірінші наурыз Алғыс айту күні құттықтау жазып берсеңіздер?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

1 наурыз – Алғыс айту күні

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша
Барысы:
І. Ұйымдастыру
 Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.
Ризашылық өлеңін оқу
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
ІІ. Кіріспе.
«Орынын тап» ойыны
Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.

 
Шаңырақ – күн,
Уықтары - нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб)
Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)
Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)
 
Егіз қайың,
Бой - бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес - бестен. (Қол)
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
 
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)
Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр. (карта)
Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)
 
 

Тақырыптың мақсатын түсіндіру.

Әңгімелесу
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.

ІІІ. Негізгі бөлім.
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.

Бүгін – Рақмет айту (Thanksgiving Day) күні. Күннің халықаралық дәрежесі жоқ, мұны АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады.

Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды.
Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады.

Әрине, мереке біздің менталитетке сай емес деушілер табылар. Дегенмен, жылдың бір күнінде не үшін рақмет айту керек екенімізді ойлана жүрсек артық етпейтін секілді. Көптеген адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып қалып жатады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алды.

"Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді", - деді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. "Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - деді ол.  
"Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген  қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе  әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті.
 Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..

Топпен жұмыс
І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
ІІІ - топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар?
ІҮ - топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?
Ү - топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт»
“Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»

Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

ІҮ. Қорытындылау
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.
Пікірлер себетін толтыру.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай

+1 дауыс

«Болашақ бүгіннен басталады» – атты 1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары.


І-жүргізуші:Қайырлы күн,қымбатты балалар,құрметті қонақтар және ұстаздар! «Болашақ бүгіннен басталады» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

ІІ-жүргізуші:Уважаемые гости, дорогие ребята! Мы приветствуем Вас на замечательном празднике Дня Благодарения «Будущее начинается сегодня» От всей души желаем в этот особенный день много радости,веселья и приятных сюрпризов! Пусть этот праздник остается для всех самым любимым праздником!

Пусть будут руки,солнцем созданные,
Над детством трепетным протянуты,
Как будто вдруг подарки розданы,
Что были к празднику припрятаны!
Пусть будут руки,солнцем пестованные,
По локоть в творчество погружены,
Чтоб стали все пути естественные,
От сердца к сердцу обнаружены…

— В честь Дня Благодарения звучит песня:
«Твори добро»

І- жүргізуші: Бұл жаймашуақ мереке елімізде бірнеше жыл қатарынан бері біздің басты қазақстандық Анамыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасы бойынша өткізіліп келеді. Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады.

(Сара А.,Н.Ә.Назарбаев туралы өлең оқылады)

У Вас есть три дочки но этого мало…
Теперь Вас зовут Казахстанскою мамой
Ведь детям,не знавшим ни неги,ни ласки,
Вы дарите детство из солнечной сказки.
Они подрастут и поймут,что на свете
Еще остаются бездомные дети,
И будут, как вы, с ними счастьем делиться,
Чтоб радостью полнились детские лица.
А те, повзрослев, повторят все сначала.
Пусть детство не знает разлук и печалей!
Вы сделали — много, но с жаждой Тантала
Твердите,что сделали все –таки – мало..

І жүргізуші: Бізде бугін Тұңғыш Президент күнімен орайлас келіп отырған Ризашылық күнінде Қазақстанды қазіргі таңда дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, мойындайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

— Қара жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад…
Ұл туса,бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді қүтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,
Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
— Нұраға, о не дейсіз?Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…
Ән «Ертегі сарай».

ІІ — жүргізуші: Мы приветствуем вас на замечательном семейном празднике! Благодаря нашей главной маме Саре Алпысовне этот праздник и стал нашей доброй традицией и вошел в нашу жизнь, наполняя нас теплым светом любви и радости.Мы уверены,что каждый из вас ждет его с нетерпением.

Ән «Ризашылық».
Звучит тихая музыка, дети читают стихи.
1-ученик:
Мы благодарны за солнце и свет,
Спасибо, что есть у нас много побед.
За радость, уверенность в завтрашнем дне,
За счастье мы скажем спасибо тебе.
Давайте все вместе скажем друзья.
Спасибо, что есть у тебя, у меня
За чистое небо, леса и поля
За космос, где вертится наша земля!
2-ученик
-Мой Казахстан!
Ты славный выбрал путь,
Путь мира и добра!
И мы по этому пути
С тобою навсегда!
3-ученик
–Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
4-ученик
«Сіз», «біз» деген жылы сөз –
Жылытады жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады игі тілекті.
Біреуге біреу жақсылық,
Тілесе әркез жаны ашып,
Осы бір шырын – тәттілік,
Тұрмай ма жанға жарасып
Баршаға керек жақсылық!
Қызғанбай бөліп алыңыз!
«Сіз», «біз» деген жылы сөз-
Жақсылықтың мейірі.
Бір-біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі.

І — жүргізуші: Қымбатты балалар! Біздің арамызда күнбе-күн сұхбаттасатын, сұрақтар қойып, жетістіктер мен армандар жәйлі ойларыңызбен бөлісетін адам бар. Ерекше құрметтей отырып,сөз сөйлеу үшін ортаға мектеп – интернат директорын шақырымыз.
— Биді қабыл алыңыздар.

І-жүргізуші : Мерекеміз «Болашақ бүгіннен басталады» деп аталады,шынында да біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауы арқылы еліміздің болашағына көз салуға мүмкіндік берді. Болашақ ұрпаққа: «Мен елім үшін не істей аламын?» — деген сұраққа жауап іздеуге көмектесті. Осы тақырып төңірегінде әңгімелесу барысында балалар, сендер, өз ойларыңмен бөлістіңдер. Барлық оқушылар «Қазақстан – 2050» азаматын жаңа көзқарасы бар, жоғары білімді, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат ретінде елестетеді. Осы болашақты жақындату үшін көп еңбектену қажет екенін түсінеді..

— «Егемен ел» әні.
ІІ- жүргізуші:
Наш президент отметил, что главной целью развития страны считает построение независимого, процветающего, политически стабильного государства. «Но такой Казахстан, говорит Назарбаев,- не создается сам собой. Он будет построен нами, исходя из наших желаний и нашей воли к успеху». Конечно, те, кто живут и трудятся в Казахстане, думают и мечтают о будущем.
Ән «Айналайын».
Серия слайдов «Казахстане — 2050».
Сюрпризный момент. Сахналау.
Барыс шығады.

ІІ-жүргізуші: Добро пожаловать, к нам в гости! Мы рады видеть тебя.
І-жүргізуші: Қош келдің, айбатты барыс! Еліміздің қуаттылығының, ынтымақтастығының, бірлігінің, қайсарлығы мен ержүректілігінің символы.
Барыс :- Армысың,жас ұрпақ! Естисің бе, менің үнімді, жете ме саған менің үнім. Жетсе, бүгінгі балалардан бастап, көп ұлтты Отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар:
— Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар.Сондықтан да сіздердің алдарыңызда, біз қол жеткізбек болған болашақты, өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер. Халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар.
— Балалар,сендер Қазақстанды болашақта қандай болады деп ойлайсыңдар?
(Слайдта шығады)
Қ — қуатты
А – айбатты
З – зайырлы
А – ауқатты
Қ – қайратты
С – салауатты
Т – тәуелсіз
А – асқақ
Н – нұрлы.
ІІ -жүргізуші:
— Барс оставайся с нами, ты будешь украшением нашего праздника. Дорогие ребята, праздник наш продолжается. Давайте, вместе поиграем. Я буду называть слова , а вы скажете, о ком они, хорошо?
….близкий, верный, надежный, настоящий, истинный — о ком все эти слова? (Дети по очереди выкрикивают «друг», «друзья»). Правильно,о друге, о друзьях.Как хорошо,когда есть верные и преданные друзья, которые придут на помощь в трудную минуту, с которыми можно делиться своими проблемами. Разрешите представить наших друзей, наших спонсоров, которые пришли в этот праздничный день разделить общую радость.
Представление гостей.
Песня «Балалықтың балғын шағы»

І -жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздерді бүкіл мектеп ұжымы атынан, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебізіңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.
«Күзгі қайың» әні.
«Достық»биі қабыл алыңыздар.
«Менің өлкем» әні орындалады.
Әннің аяғында : І-жүргізуші:
Бүгінгі қүн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ескеретін күн бүгін
Ризашылық ғой әр елде …

ІІ -жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шарамызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылайық:
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар;
Әлемде Егемен Қазақстан бар;
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар;
Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
Сол күнге берік сенім бар!
Құрастырғандар: Арнханова Г.М.- орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімі, Жұмажанова А.А.-қазақ тілі мұғалімі, Картенова А.М.- орыс тілі мұғалімі,Мұханова Ж.С.-қазақ тілі мұғалімі.

0 дауыс
Елбасы 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады. Біздің отбасымыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыларды қабылдады», – деген болатын.

Сонымен қатар Президент: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деді.

Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер қатары толықты.
0 дауыс
«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы

13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1,
1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Алғыс айту күні - 1 наурыз» мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 қаңтар  № 173
0 дауыс

Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өте жақсы бастама көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» — деді Қазақстан Президенті.

Ал биыл 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, биыл көктемнің алғашқы күнінде ел халқы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтеді.

Алғыс айту күні — ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл — тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн! Қазақ халқы қиын-қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн — түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні болуға тиіс!

Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл — әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдаудың, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен қамқорлықтың, рухани қайсарлықтың төл мерекесі болуға тиіс!

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі болады деген сенімдемін. Оның Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі жылында тұңғыш рет тойлануы да жақсы нышан.

...