0 дауыс
6.4k көрілді
Абай мен Ыбырай Алтынсаридың бір-бірі мен қандай байланысы болған?
екеуі бір-бірін сырттай танығанымен, жақын араласпаған

1 жауап

0 дауыс
Абай Ыбырайды жақсы білген. Кейін Абайдың өзі қадірлегендіктен, Абайдың қолжазбаларының ішінде Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларынан жасалған аудармалар қоса кіруімен бірге, Ыбырай өлеңдері үнемі бірге көшіріліп, жазылып жүруші еді. Абайдың өзінің тапсыруы бойынша солай болса керек. Бұл тегін емес. Бұқар, Дулат, Шортанбай Абайлардың қолжазбаларына жалғыз ауыз өлеңмен тұмсық сұғып кірмегенде, Ыбырайдың әрқашан Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таралып жүруі бұл екеуінің үні бір, үміті бір, арман-бағыты және болашақ тағдыры бір ақын екендіктерін танытушы еді.

Сол заманнан бері қарай, біздің кейінгі ұрпағымыздың бәріне де Абай қандай қадірлі болса, Ыбырай да өз орны, өз арналы мұрасымен аса ыстық, аса бағалы болды. Олар кейде баяғыдан бері өткен шөл ғасырлардың соңғы дәуіріндегі зор мұнарадай көрінсе, кейде еңбегі, бағыты бірлікпен айқасып аққан қос өрімдей, шөл өлкені суарып, дән бітіріп, айқасып ағып келе жатқан қос өзендей танылады.

Өткен замандағы Ыбырай Алтынсарин сынды озғын ой иелерін, халық үшін қызмет еткен қайраткерлерді бізге толық тануымызға, олардың асыл мұраларымен қазіргі мәдениетімізді байытуымызға жол ашқан, мүмкіндік берген — Совет үкіметі, Сталиндік заман.
Қайдағы Совет үкіметі?)))))
...