6 млрд. адам сыйған 12 тағдыр
Расымен де, жақсылап ойлап көрсек, әлемнің әр бұрышында бір мезетте мыңдаған сәби дүниеге келеді. Сонда мыңның тағдыры біркелкі болатындығы сау ақылға сыя ма? Немесе жер бетіндегі болмысы, мінезі, түрі, тәрбиесі әр түрлі 6 млрд. адамның өмірін 12-ақ жұлдызға теліп, 12 тағдырмен шектеп қоюды қалай түсіндіріп бересіз?
Танымал тележүргізуші Гүлжазира Берікқызы «Асыл арна» телеарнасына берген сұхбатында жұлдыз жорамалдың БАҚ-да қалай көрініс табатындығын былайша баяндайды:
«Біз қалай жасаймыз? Біз ғаламтордан орысша нұсқасын аламыз да, соны аударамыз. Ал кейде лимитпен берілген ғаламтордың уақыты бітіп қалатын кездер болады. Ал жұлдыз жорамал күн сайын эфирге шығу керек. Сондықтан, кейде қайталап беруге тура келеді. Яғни, жұлдыз жорамалды аударып болғаннан кейін қағазға шығарамыз, сол мәтінді 2 аптадан кейін немесе 2-3 күннен кейін қайтадан айтып отырамыз. Ал кейде ғаламтордағы жұлдыз жорамалдың өзіне «мынау рас па, өтірік пе» деп күмәнданып қаламыз. Олардың да қайталап бергендігін көріп, өзіміз ойдан құрап қосып та жіберетін кездер болады. Тек жақсы жағына ыңғайласаңыз болды. Өйткені, адам таңертең жұмысқа кетіп бара жатқанда көпшілігі жұлдыз жорамалды көреді. «Бүгін сіз үшін сәтті күн, бүгін бизнесіңіз жүреді, көп дос табасыз» – осындай мәтінде жақсы жағына қарай жұлдыз жорамал жасайтынбыз... Жұлдыз жорамалды жасайтын сіз сияқты, біз сияқты адамдар...Мен жұлдыз жорамал жасасам да оған сенбеймін».
Иә, енді жұлдыз жорамалға сенетін адамдар мәтінді оқымас бұрын бір мезет өз ақылына салып ойланып көретін шығар.
Ибн Аббас жұлдыздарға қарап болжам жасаған адамдар туралы: «Бұлай ететіндерге Алланың қасында бір несібе бар деп ойламаймын» деп айтқан. Сахаба Қатада Алла Тағала жұлдыздарды үш-ақ мақсатта жаратты: 1) Көктерді безендіру; 2) Шайтандарды атқылау; 3) Адасқанда жол табу. Ал егер біреу жұлдыздардан тағы да бірдеңелерді күтетін болса, онда ол адам бұл істі өз бақытсыздығына істейді және өзінің ризығын жояды, сондай-ақ, білімі болған нәрсеге кіріседі».