Телебағдарламалар | 326 қаралды
326 қаралды

Жұлдыздардың телебағдарламаны жүргізгеніне қалай қарайсыздар? Сонда журналист деген мамандық қайда қалады? Кәсіби журналистер қандай жұмыс істейді?

Радио, телеарнада әнші біткен

Ең мықты журналист боп саналады. 

Дипломды журналист далада қап 

Олардың нанын тартып жеп алады.

Бүйте берсе, көрде тұр, сол жұлдыздар

Мына біздің айтысқа да кеп алады.

Жұлдыздар бар кәсіпті тартып алса,

Айнұр-ау, өзге жұртқа не қалады?

Әркім өз кәсібімен айналыссын,

Малына ие болып қорадағы! 

(Айбек пен Айнұрдың айтысынан)

7 жауап

Өте дұрыс айтасыз. Мәдениет министрі не қарап отырады осы. Журналистиканы бітірген жұмыссыз қалу керекпе? Әнші - жүргізуші, киножұлдыз,т.б. Недеген сұмдық мен өз басым қарсымын. Сұхбатты да әншілерден алатыны тағы бар.
Жақсы Жауап
Осы сен спам баспай жүре алмайсың?
Гани досым. Жауабың кәрәмәт болса, спам емес лайк баспаймынба.
Сенің не шаруаң бар?
Менде қарсымын!Дипломы бар жастар жұмыс таба алмай жүргенде, небір әнші-әртістер орындарына отырып алады, әркім өз мамандығы бойынша істесе екен деймін!
Студент қыз пікіріңізге рахмет!


Жұлдыздардың телебағдарламаны жүргізгеніне қалай қарай қарайсыздар?

 

Жақсы қараймын.

Спакойна жатып алып қараймын, кейде отырып қараймын

Кез келген ортада да бәсекелестік болу керек. Ешбір әртіс Бейсен Құранбекке жете алмайды.
Байланушу сіз ұлсызба, қызсызба?
Байланушу емес,байланысшы! Парень мін хе хе
Сомен өрт сөндіме?
Немене өзіңше боп отсың?
Жәйшама?
Жеке хатыңды да өшіріп қойыпсың
bailanyshy оған созіңді шығындама.
Белгісіз
Өнерлі болса болады ғой. Сондықтан да әркім өз ұқыптылығын көрсете білуі қажет.
Телевидение ол қоғаммен байланыс. Бағдарламалардың көп деген санаттары бар.Жұлдыздарға жаңалықты немесе саяси-әлеуметтік бағдарламалардың тізгінің бермейді. Танымдық ойын-сауықтық бағдарламалардың көбін шоу-бизнес өкілдері жүргізеді. Қазір жердегі жұлдыздарымыз сегіз қырлы,бір сырлы. Қолдарынан бәрі келеді, әмбебап. Ия, қазір олар көгілдір экраннан түспейді. Бірақ, телевидение халық үшін еңбек етеді. Сол арқылы өздеріне рейтинг жинайды. Мысалға, жаңа ойын-сауықтық бағдарламаға белгісіз кәсіби журналистті шақырғанша,танымал әнші немесе актерді шақырған тиімдірек. Халық оны көреді, қызығады,сол себептен бағдарламаның рейтингісі жоғары,табысы мол,ғұмыры ұзақ болады.Мен бұған оң көзбен қараймын, қолынан келіп тұрса неге жүргізуші болмасқа, етікші етікші болып қана қалу керек деген қатып қалған қағида жоқ қой. Өзіңе берілген жұмысты сапалы, көңілді,халыққа жағымды,ұнамды қылып ұсынса онда тұрған еш нәрсе жоқ. Кәсіби журналист не істейді десеңіз, олар Журналист, бағдарламаны жүргізіп адамдар журналист болмайды, олар  тек қана бағдарламаның бір әдемі бөлшегі, олар тележүргізушілер. Ал дипломы бар журналистер редактор, сценарист ретінде қызмет атқарады. Журналист ешқашан да өз құндылығын жоғалтпайды. Ешкім ешкімнің наның жемейді, мысалға, қазір әншілік, сәнгерлік, актерлік қабілеттері танылып жатқан журналисттерде жоқ емес.Есеп 1:1.
Олар өнерінің арқасында шыққандар. Өнерлі өрге жүзеді. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді.
118,125 сұрақ
304,641 жауап
153,304 пікір
66,763 қолданушы