0 дауыс
337 көрілді
Мен мемлекеттік актімді қайта рәсімдеуімнің барысы жерімнің көлемі құжатыма сәйкес келмейді.Осы сұрақ бойынша жергілікті әкімге өтініш жазған болатынмын бірақ ол өтінішіме тиісті құжаттар соттың қарауында екенін көрсетіп, құқық табыстаудан бас тартылсын, ал келесі өтінішіме нақты айқын дәлел көрсетпестен құқық табыстаудан бас тартылсын делінді, ал кейін жазған өтінішіме сызбасы жоқтығын айтып, аудандық жер комиссиясында қаралатындығы көрсетілген жауап алдым. Әр өтініш алғанымда әр түрлі сылтау айтып жерімді қайта рәсімдеп бермей отыр.Осы мәселемен облыс әкімдігінеде бардым олда еш шара көрместен жергілікті әкімнің әрекеті дұрыс деп бағалады. Тұрғылықты тұрған жеріме салығын төлеп келемін. 30 жылдан бері тұрған жерім, сол жерімді қайта құжаттастыруға бола 5 рет сот болып отыр. Жерімді заңды түрде қайта құжаттастырсам деймін.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...