Рим дуалдары. Варварлардың шабуылынан қорғайтын Рим империясының І-ІІ ғасырлардағы қорғаныс құрылыс жүйесі. Карпаттар мен Қара теңіз арасында құрастырылған Траян дуалы. Британияның рим аймағын қорғау үшін 122 жылы Адрианов (100 км) және Антонинов (50 км) дуалдары тұрғызылған. Ұзындығы 368 км құрайтын жоғарғы алманиялық дуал. Африканың шекарасына Триполитан дуалы салынған.
Қытай. Ресми түрде Ұлы Қытай қорғаны солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі түркі тайпалардан қорғану үшін б.з.д. ІІІ ғасырда салына бастады. Және де 1620 жылы салынып бітті. Ұзындығы – 5000 км. А.Т.Фоменконың гипотезі бойынша Қытай мен Ресей арасындағы қорғанды б.д. XVII ғасырдың соңында салған. Қазірде қайта қалпына келтірілген аймақ туристердің жиі келетін мекені.
Алмания. Ең символикалық (Шығыс-Батыс екі жүйенің шекарасы), сонымен қатар аз өткізетін Берлин қабырғасы – Герман Демократиялық Республикасы мен Батыс Берлиннің мемлекетпен бекітілген шекарасы. 13 тамыз 1961 жылы тұрғызылып, 1989 жылы халық күшімен бұзылған. Қашықтығы 155 км, оның ішінде Берлин аумағында 43 км. Ең көп сынға алынған және әжуаланған қабырға болып саналады.
АҚШ Мексикамен араға өз қабырғасын салды.
Мексика. 2005 жылдың желтоқсанында америка-мексика шекарасының аймағында қабырға тұрғызу жұмысы басталды. Мақсат – контрабанда ағымы мен мигранттардың АҚШ-қа заңсыз өтуін қысқарту. Қоршаған ортаны қорғау заңын ұстану талабы орындалмауынан қорық шекараларына 800 км-дей қабырға тұрғызылды. Бұл қытай қорғанынан кейінгі екінші орынды алады. Алайда мексикалықтар әлі де бұл қорғандардан жасырын өтіп келеді, бірақ жануарларға қауіп төніп тұр. Қабырға күнделікті мыңдаған жануардың өліміне сеп болып отыр. Тасбақалар, мысалы, мұндай бөгетті тіпті бағындыра алмайды, ал егер қандай да бір жануар жыртқыш аңнан қашып келе жатып, осы қабырғаға келгенде амалсыз берілуіне тура келеді.
Израиль. Израильді Иордан өзенінің Батыс жағалауынан бөліп тұратын дуал. Әлемде Wall of Shame(Масқара дуалы) атауымен танымал. Ұзындығы – 703 км. 2003 пен 2005 жылдар аралығында салынды. Мақсаты....
Венгрия. Ұлы венгр қорғаны. Венгрия мен Хорватия шекарасында қорған салу жұмысы басталды. Сербия аумағындағы шамамен 170 км құрайтын шекаралық қорған салынып бітті. Хорватия шекарасы мен қатар Венгрия Румыния арасында да қорған тұрғызуға шешім қабылдады. Осылйша Рим империясының тарихы Еуроодақ түрінде қайталанып жатыр.