0 дауыс
15.3k көрілді
Жаңбырмен жер көгерер, трафикпен сайт көгерер...

Жалғыз админнің шаңы шықпас!

100 Kaztube-ің болғанша, 1 Youtube-ің болсын!

Сайт жасасаң ерінбей, тояды қарның тіленбей

Сенбе nur-ға (Nur.kz) жатса да қанша ойбайлап

100 мыңдық павлигі бардың, 10 мыңдық трафигі бар

Пікірсіз блог жетім

Блоггер боламын десең хэштегіңді түзе

Қыз өссе инста көркі...

Qiwi-де 100 теңгең болғанша, Фб-да 100 досың болсын!

Болатын сайт движогынан...

Болар блогер блогынан

Боранды күні қасқыр мен блоггер құтырады

SEO - инемен құдық қазғандай

Жаза-жаза блогер боласың!

SMM-да достық жоқ

Блогерлі шара - базар, блогерсіз шара - мазар

Білегі күшті бірді жығады, блогы күшті мыңды жығады

Постын көріп,достығын ал

Блогер бала блогынан

Блогерден үйрен, жаманнан жирен

Блогер жылатып айтады, журик күлдіріп айтады

Жазбасаңда постың болсын!

Болар бала FB қарай жүгіреді

Постына қарап, қызын ал

Асық ойнаған азады,
Доп ойнаған тозады.
Бәрінен де блогтурға барып,
Халява құйрықмай жеген озады

Мақтаған хостинг бэндвитте осырады

Хостингі бірдің уайымы бір

5 мың досың болғанша, 500 лайкерің болсын

Идея кезде бәрі жақсы, жаман проект қайдан шығады?!

Комментіне қарап оқырман бол

Админі мықтыны жау алмас

Ашылмайтын сайт болмас, ашып ап ел жұртты алдайтын суайт болады

Фейсбукта сұлтан болғанша, El.kz-те ұлтан бол!

Жеті өңдеп, бір жаз!

Админ айналып сайтын табар

Өз кодыңның багтары да тәтті

Блог қадіріне жетпеген
Сайт қадіріне де жетпес!

Күлме DDOS-қа, келер басқа

Қыз өссе елдің көркі, трафик өссе сайттың көркі

SEO жасасаң ерінбей, трафик келер тіленбей

Мың CMS білгенше, бір php біл

1 жауап

0 дауыс
1)Ақшаң болса қалтаңда, талдаңсаң талтаңда.

2)Қардың ауырлығын қар күрегенде білесің.

3) Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер
көгерер,
Төбелеспен көз көгерер.
...