0 дауыс
23.9k көрілді
Африкадағы "Мыс белдеуі" деп аталған елдер

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Африкадағы дамушы елдер​

2010 жылғы мәлімет бойынша 1млрд 30 млн адам болды. Африка халқының саны жыл сайын жедел өсуде. Бірақ Африка халқының саны 800 млн деген ақпарат жиі кездеседі. Африкадағы елдердің көпшілігі мемлекеттік құрылымы бойынша республикалар, тек үш монархия бар. Африкадағы монархиялы елдерге Марокко, Лесото, Свазиленд жатады.

Африкадағы елдердің көпшілігі унитарлық республикалар болып саналады. Федерациялық республикаларға ОАР, Эфиопия, Нигерия, Комор аралдары жатады. Африка пайдалы қазбаларға бай аймақтардың бірі. Мұнай мен газдың мол қоры Африканың солтүстігінде шоғырланған. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Ливия, Нигерия, Алжирде шоғырланған.

ОАР-да алмаз бен алтынның мол қоры бар. ОАР алтын мен алмаз өндіруден дүниежүзі бойынша бірінші орынды алады. Африканың жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Замбия мен Конго елдерінде кобальт пен алмастың мол қоры шоғырланған. Марокко Африканың солтүстігінде орналасқан. Мароккода фосфориттің мол қоры шоғырланған.

Ніл өзені бойында КСРО-ның көмегімен 1971 жылы Асуан бөгені салынған. Асуан бөгенінің салынуына байланысты Ніл өзені кеме жүзуге қолайлы өзенге айналды. Сонымен қатар егістік жерлерден жылына екі үш реттен өнім жинауға мүмкіндік туды. Мадагаскар - Африканың ең ірі аралы. Мадагаскар аралында малагасийлер тұрады. Малагасий қара нәсіл мен монголоид нәсілінің араласуынан пайда болған халық. Африкада әртүрлі халықтар тұрады. Африканың оңтүстігін бушмендер мен готтентоттар мекендейді. Бірақ голландықтарды келуімен олардың қоныстану аймағы тарылды.

Африка елдеріндегі мемлекеттік тілдер болып бұрынғы отарларынан қалған тілдер болып саналады. Африканың 55 елінің 17- сінде мемлекеттік тіл ретінде француз тілі қолданылады. Африкада таралған діндерге христиан, ислам, жергілікті діндер жатады. Солтүстік Африка елдерінде мұсылмандар тұратындықтан ислам діні тараған. Африканың шаруашылығында ауылшаруашылығы жетекші орында. Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығы жетекші сала болып табылады. Өсімдік шаруашылығында мақта, какао, кофе, жержаңғақ, құрма өсіру дамыған.

Африкада жалдама еңбек күшін пайдаланып, жұмыс істейтін плантациялық шаруашылықтар дамыған. Африкаданың көптеген елдері бір дақыл өсіруге (монокультура) дамыған. Мысалы, Египет пен Суданда мақта өсіріледі.

Африканың плантацияларында кофе, какао, мақта, майлы пальма, жержаңғақ, гевея т.б өсіріледі. Кофе өсіруге маманданған елдерге Эфиопия, Кения жатады.Эфиопия кофенің Отаны болып саналады.

Какао дақылының шыққан жері Орталық Америка болып саналады. Ал какаоны өсіретін елдер болып Африканың Гвинея шығанағы болып саналады. Ол елдерге Кот´ д Ивуар, Гана, Нигерия жатады.

Африка мал шаруашылығы басым дамыған аймаққа жатады.Солтүстік Африка елдерінде, атап айтқанда Марокко, Алжир, Суданда қой шаруашылығы басым.Бірақ Африканың көптеген аудандарында мал шаруашылығын дамытуға ұйқы ауруын жұқтыратын цеце шыбыны кедергі келтіреді.

 

Сенегал Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Сенегалдағы плантацияларда негізінен жержаңғақ (арахис) өсіріледі. Африкада жүк тасымалының басым бөлігі теңіз көлігімен жүзеге асырылады. Жүкті шетел кемелерімен тасымалдайды. АҚШ-тың кемелері Либерияның туы астында жүктерінің басым бөлігін тасымалдайды. Себебі Африка елдеріне көптеген жеңілдіктер қарастырылған.

Африкада Замбия мен Заир деп аталатын «мыс белдеуі» бар. Замбия мыс өндіру мен сыртқа шығарудан жетекші орын алатындықтан оны «қызыл металл» елі деп атайды. Солтүстік Африка елдері мұнай қорына бай. Африканың мұнайды сыртқа шығарудан көзге түсетін елдеріне Алжир, Нигерия, Ливия жатады. Бұл елдер мұнай экспорттаушы елдер кіретін ОПЕК-тің белсенді мүшелері болып саналады. Африкада темірдің мол қоры шоғырланған. Темірді сыртқа шығаратын елдерге Мавритания мен Либерия жатады.

Африкада тау-кен өнеркәсібі жоғары дамыған. Африканың ең ірі өнеркәсіпті ауданы Оңтүстік Африка Республикасындағы Витватерсранд ауданы, оны Африка «Руры» деп те атайды. Бұл ауданның орталығы болып Йоханнесбург қаласы саналады.

0 дауыс
Мыс белдеуи Заир Зимбабве Замбия

Ұқсас сұрақтар

...