0 дауыс
Президент мобильді құлдықты жоятын заңға қол қойды. Бұл заң қашан күшіне енеді? Ұялы байланыс операторын қай кезде өзгерте аламын?
11.01.2016 414 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Аталған норма «Ақпараттандыру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заңында бекітілді.

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап MNP қызметі іске қосылады. Абоненттік нөмірлерін ауыстыру қызметі абоненттерге өз нөмірін сақтай отырып, ұялы байланыс операторын өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. Операторды ауыстыру үшін, абоненттік бөлімге барып, ұнаған тарифтік жоспарды таңдап, арыз жазасыз, қалған жұмыстың бәрін оператордың өзі атқарады. Бұл қызмет абоненттер үшін тегін.

MNP қызметі операторлардың бәсекелестік күресін күшейтуге, абоненттердің қосымша SIM-карталардан бас тартуға және ұялы байланыс қызметінің құнының төмендеуіне ықпал етеді.

11.01.2016

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы