0 дауыс
958 көрілді
Медеу, Шымбұлақ, Ақбұлақ, Табағаннан басқа қыста қайда барап демалсақ болады? Алматыда отбасымен барап, демалып қайтатын жер бар ма?

1 жауап

0 дауыс

Ақша төлемейтін, тегін жерлер болса күшті болушы еді деген сұрағыңыз болса, мына жауап сіз үшін. Алматы қаласы. Алмарасан. Бұлақтан өткен кезде, өзіңіз ойлағандай жерге тап боласыз. Күшті жер. Ешқандай кедергісіз күндіз түні сырғанай бересіз. Өзіңізбен бірге шана алып бармасаңыз да болады. Сол жерде жалға балондар беріледі. 1 сағатқа 500 тг. Қарныңыз ашса, ыстық бауырсақ пен самаурын шәйі тағы бар. Бірақ, оны сатып аласыз :) Айтпақшы өзіңізбен бірге жұрттар сияқты қазан-ошақ алып келіп, тамақ пісіріп жеуге болатын таптырмас орын бұл. Жалға берілетін жылқылар да бар. Тауға қарай шабасыз да кетесіз. Сенбі жексенбі адам көп болады. Достармен келіп, кәуәп пісіріп, елмен бірге сырғанап, таза ауамен тыныстап кететін керемет жер. Үйде жата бермей, қалыңдау киініп алып, келесі сенбі Алмарасанға аттаныңыз!

...