0 дауыс
3.7k көрілді
Мен алғаш жігітпен болдым бірақ қан аққан жоқ тексерілдім қыз емессің деді бірақ өмірімді бірінші рет болдым қан ақпайды 2 рет тағы ақпады?

3 жауап

0 дауыс
Значит сенде уже ештене жок деген сөз біріншіден, екіншіден ондай адамдар болады.
–1 дауыс
Экологиядан ол.
0 дауыс

Ерте ме, кеш пе, әрбір нәзік жанның өмірінде алғашқы жыныстық қатынас орын алады. Бұл кезде қыздың ойын сан алуан сұрақтар мазалайды. Солардың бірі - алғашқы жыныстық қатынас кезінде қанның бөлінуі барлық қыздарда болады ма?

Жауап: жоқ, дефлорация ("қыздық перденің" үзілуі) кезінде қыздардың барлығында бірдей қан бөлінбейді. Ол адамның физиологиялық құрылысына байланысты.

"Қыздық перде" немесе "пәктік перде" деп аталып кеткен ұғымның нақты медициналық атауы - гимен.  Гимен әдетте, жыныстық қатынасқа түспеген қыздарда, бойжеткендерде, әйелдерде болады. Алайда, туылғанна бастап гимені жоқ қыздар да бар. "Ол қалай және неліктен болады?" деген сұрақтарға жауап беру үшін, баланың жатырдағы дамуына көңіл аудару керек. 

Жатырдағы қыз баланың жыныстық органдары шамамен 3-ші айда қалыптасады. Бірақ, бұл кезде қынап әлі біркелкі, қуысы жоқ. Тек 5-ші айдан кейін қынаптың қуысы пайда бола бастайды. Бұдан кейін даму келесі жолдармен жүруі мүмкін: қынап қуысында тығыз жарғақ бар, бірақ ол жарғақтың тесігі жоқ (жыныстық орган дамуының тоқтауы немесе  ауытқуы) немесе қынап қуысында перде жоқ, әлде переде тек қынаптың бір шетінде бар, ал тесігі үлкен (бұл дамудың нормасы). 

Сонымен, көріп тұрғандай, перденің жоқ болуы - қалыпты жағдай. Ал тесігі жоқ жарғақ - сирек кездесетін аномалия.

Гименнің түрі, пішіні, қалыңдығы әр қызда әртүрлі болатындықтан, алғашқы жыныстық қатынасты да әр қыз ерекше сезінеді.

Неліктен қан бөлінбеуі мүмкін?

Алғашқы секс кезінде міндетті түрде қан бөліну керек деп санайтын адамдар қателеседі. Кейбір қыздардың қан тамырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты, перде үзілген кезінде, мүлдем қан бөлінбейді. Ал кейбір қыздардың пердесі созылмалы, иілмелі болғандықтан, жыныстық қатыныс кезінде мүлде үзілмейді. Тіпті, бала босанарға дейін де тұтас болып қалуы мүмкін. Өте сирек жағдайларда, бала босанғаннан кейін де перде өз қалпын сақтап қалатын кездер болады. Қан бөлінбеудің келесі себебі - жоғарыда айтып кеткен жағдай, яғни перденің болмау. 

Перде тек жыныстық қатынасқа түскенде үзіледі деген тұрыжым да қате. Ол кейбір физикалық жаттығулар жасау барысында, жыныстық органдар жарақат алғанда, гигиеналық тампонды пайдалану кезінде, тағы да сол сияқы әрекеттердің нәтижесінде үзілуі мүмкін. Бұл жағдайда, әрине, алғашқы жыныстық қатынас та қанның бөлінуісіз өтеді. 

Қорытындылай келгенде, перденің бар болуы қыздың пәктігінің дәлелі бола алмайды. Сонымен қатар, перденің жоқ болғаны да, қыздың жеңілтектігінің белгісі емес. 

...