0 дауыс
515 көрілді
Әлем бойынша Адам баласының ең мықты қаруы не?

6 жауап

0 дауыс
АҚШ космостық және климаттық қарулары... Және әрине ядролық қару
Мүлдем бұныңмен келісе алмаймын. Сұрақтың түпкі мағынасын түсіну керек сияқты.
Ядролық қару адам баласының сыналған және қолданған ең үлкен қаруы болып табылады. Ал климатты және космостық қарулар тек сынақтан өткізілді, алайда адамзатқа қарсы қолданылған жоқ.
Бұл жауабың да өте әлсіздеу.
Вообщем дәл қазіргі таңдағы ең үлкен қолда ұстап отырған және қолданылуға дайын қару ЯДРОЛЫҚ.
Ол ядролық қару мен де ешкімді жоя алмайсың, қолданған елдің өзі жоқ болып құрып кетеді.  Вообщем одан да мықты қару бар, сол ядролық қаруды да қолдандырмай ұстап тұрған.
Мысалы соңғы АҚШ-тан шығып Германияға орналастырылған ядролық қарумен алыс қашықтағы елдерді бомбылауға болады. Және бір қалаға, мысалы ядролық қаруы жоқ бір елдің қаласын немесе астанасын жойып жіберу үшін 2-3 жеткілікті.
Короче мен қай мемлекеттің қару-жарағы мықты деп сұраған жоқпын, мен оның бәрін рейтингтен ақ көре саламын ғой керек болса.
+1 дауыс
Идеология деп ойлаймын. Қазіргі кезде оның қоғамда көрініс табатын бөлігі - ақпарат...
Ия, сосын ақпарат (информация) деп қосып қояйын...
Бәсе, сендер Жанара екеуің өте астарлы  сұрақтың негізгі мазмұнын түсіген сияқтысыңдар, сәл болса да жақындадыңдар.   Бар екен ғой әлі де жан-дүниелері қазақша ойланатын жастарымыз деп қуанып отырмын.
Идеология болғанда да ол  қандай идеология?........
Ымм, "жан-дүниенің қазақша ойлануы" деген тіркесті түсіне алмадым) Жалпы мағынадағы идеологияны меңзеген едім. Адамның санасына қандай да бір түсінікті сіңіріп тастау, яғни дұрыс болсын, болмасын, қоғамдағы белгілі бір топтың өз мүддесін іске асыру үшін тұтас қоғам мүшелерінің санасына тікелей немесе жанама әсер етуі деп ойлаймын. Әдетте идеология құрсауынан шығу аса қиын, бірақ сол құрсауға өз аяғыңмен кіріп кету оңайдың оңайы. Бірақ "қару" ретінде таптырмайтын нәрсе. Ислам - террористердің діні  деген бұрыс түсінікті тұтас Батыс қоғамының еш қарсылықсыз қабылдауы осыған дәлел бола алады деп ойлаймын. Әрине, бұдан басқа мысалдар жетерлік.
Кез-келген идея тарату идеологиялық қызмет атқарады, анығырақ өз ойымды түсіндіріп берсем, мысалы Гитлер фашизм идеясын таратып, миллиондаған халықты соңынан ертті, неміс халқы соған сенді,
сол сияқты кез келген ақпараттық таратушылықта солай (оған діни сенім де кіреді)
Ол мықты қарудан сақтану үшін не істеуміз керек, өзіміздің ұлттық идеологиямызды қалыптастыру керек
Ендігі сұрақ біздің ұлттық идеалогиямыз қандай болуы керек, неге сүйену керек?
Шектен шыққан ұлттық идеологияның да көлеңкелі тұстары бар.
0 дауыс
Ол снайпер болу керек
0 дауыс
Әлем бойынша Адам баласының ең мықты қаруы - істетіліп тұрған бастағы ми және иықтағы екі қол.
0 дауыс
Адамның ең мықты қаруы - сенім.
0 дауыс
Ол сөз 100 пайыз
...