0 дауыс
12.9k көрілді
Қызыл теңіздің тұщы су мөлшері қанша?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Теңіз – мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және одан гидрологиялық, метеорологиялық, климаттық режимдерімен ерекшеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мысалы, Атлант мұхитының Саргасс теңізі және Үнді мұхитының Арабия теңізі. Кейбір көлдер – Каспий, Арал, Өлі теңіз – теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық теңіздер бөлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген-неоген және антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер Жер қыртысының аумақты жарылымдарының орнында (мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит суының құрлықтың жағалық бөлігін басуынан құрлықтық қайраңда шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын жатуы климатының континенттілігінің артуына немесе кемуіне және температурасының маусымдық ауытқуына әсер етеді. Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі және терең қабаттары көршілес мұхиттың ашық бөлігіне қарағанда жылырақ (мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охота теңізі) келеді. Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауын-шашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты ауытқып отырады. Балтық теңізінің ашық бөлігінің тұздылығы – 6,0 – 8,0‰ болса, Қызыл теңізде бұл көрсеткіш 41,5‰-ге дейін көтеріледі. Теңізде температура мен тұздылық көрсеткіштерінің шеткі мөлшерлері таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік мұхит үшін шеткі мағыналы көрсеткішке ие болады. Мысалы, Балтық теңізінің тығыздығы 1,01г/см3-ге тең болса, Қызыл теңізде 1,0287г/см3-ге тең. Мұхиттың ашық бөлігінен теңіз суы тығыздығының өзгешелігі – буының маусымдық ауытқып отыруында. Мұз қабаты негізінен полюстік және қоңыржай ендік теңіздерінде ғана қалыптасады. Теңіздің органикалық дүниесі мұхиттың ашық бөлігіндегі органикалық  дүниеге қарағанда бай және көбіне өзіндік түрлер (эндемиктер) басым тараған.
0 дауыс
Қызыл теңіздің тұздылығы 41,75%
...