0 дауыс
726 көрілді
Саңырауқулақтарда кездеспейтін көбею түрі

1 жауап

0 дауыс
Саңырауқұлақтар бірнеше түрлі жолмен көбейеді. Олардың көпшілігінде көбеюге қажетті арнаулы органдар бар. Негізінен саңырауқүлақтар споралар арқылы көбейеді. Қоректік ортада кез болған споралар тез арада көбейіп, жаңадан гифтер түзеді. Саңырауқүлақтар гифтерден үзіліп қалған бөлшектерден де көбейе алатын болса, кейбіреулері ерекше клеткалар— ойдийлер арқылы көбейеді.

Саңырауқүлақтарда спора түзілу жынысты және жыныссыз жолдармен жүреді. Жыныссыз жолмен көбейгенде споралар ерекше гифтердің үшында пайда болады. Жынысты жолмен көбейгенде екі жыныстық клетка қосылғаннан зигоспора түзіледі, немесе ооспора деп те атайды. Қолайлы жағдай туғанда бұлардан жаңа саңырауқұлақтар түзіледі. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарда бірнеше споралар пайда болады. Жынысты және жыныссыз жолдармен көбейе алатындарын жетілген, ал тек жыныссыз жолмен ғана көбейе алатындары — жетілмеген саңырауқүлактар деп аталады.
...