0 дауыс
2.1k көрілді
Тұңғыш ұйғыр операсы?

1 жауап

+1 дауыс
Назугум - ұйғырдың тұңғыш операсы. Муз. Қ.Қожамияровтікі. Алғаш рет 1956 ж. 15 шілдеде (2-нұсқасы 1957 ж.) Қазақ академикалық опера және балет театрында қойылды. Басты рольдерде артистер Р.Жаманова, Ш.Бейсекова(Назугум),Ә.Үмбетбаев, Б.Досымжанов (Баки), Р.Абдуллин (Гүлмат), К.Кенжетаев (Лоя) ойнады. Реж. - Қ.Жандарбеков, дирижері "Назугум" операсынан көрініс Ғ.Доғашев, суретшісі - А.И. Ненашев. Операсы сюжетіне 19 ғасырдың 1-жартысыидағы ұйғыр халқының әділетсіздік жайлаған кертартпа заманға карсы күресі арқау болған. Операдағы ариялар,хорлар, би сахналары, түрлі вокалдық ансамбльдер ұйғыр халқының муз. дәстүрімен үйлесіп, үндестік тапкан. Комп. кейіпкерлердің ішкі жаи дүниесіи, іс-әрекетін музыка тілімен, өзіндік бояу накышымен жеткізе бейнеледі. "Назугум" - ұйғырдың ұлттық кәсіби музыка мәдениетіндегі елеулі табыс.
...