+1 дауыс
14.3k көрілді
Өрмешектің тыныс алу жүйесі қайсы?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Тыныс органдары.

Кресті өрмекшінің тыныс органдары ретінде жапырақ пішінді келген өкпелері және кеңірдек түтіктерінің жүйесі бар. Кеңірдек түтіктері жалғыз сыңар болып келетін стигма мен өрмекшінің бауырыжағына өрмек сүйелдерінің ілгері жағынан келіп сыртқа ашылады. Құрсақтың алдыңғы жағының төменгі бетінде саңылау тәрізді жұп тесік жатады. Бұл тесіктер тақ жыныс тесігімен бір деңгейде жатады. Осы екі саңылаудың екеуі де жапырақ тәрізді өкпелердің стигмалары. Өкпенің саңылау тәрізді тесігі өкпенің кіреберісіне барып тіреледі. Кіреберістің артқы қабырғасы да, төменгі қабырғасы да тұтас келеді. Алдыңғы жақ қабырғасында бірқатар параллель саңылаулар бар, бұл саңылаулар өздерінің санындай жалпақ қалталарға барып жалғасады, ол қатарлар жалпы бір текше болып жатады. Қалталардың араларында дененің тар қуыстары жатады, сол қуыстарға қалталарды шайып өтетін қан келеді. Олардың жұқа кутикулардан қабығы болады және өздері семіп беттесіп қалмайды. Оларға ауа ешбір кедергісіз кіре алады, өйткені кіреберістің де сондай-ақ қалталардың да қабырғалардың беттерін ағаш сияқты бұтақтанып кеткен өсіктер басып жатады, бұл өсіктер қалтаның қарсы жатқан қабырғасына барып тіреледі. Кеңірдек үймесі бұтақтанбайтын екі жұп түтіктерден тұрады, бұлар негізгі қалтадан шығып ілгері қарай кетеді. Негізгі қалта өрмек сүйелдерінің ілгергі жағынан білінер – білінбес көлденең саңылау болып сыртқа ашылады.

сұрақта "өрмешек", жауапта "өрмекші" қалай сонда?
...