0 дауыс
76.9k көрілді
Тыныс алу процесі. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей (көмекей), кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар ауа тасымалдайтын жолдар. Сонымен қатар өкпе жатады. Өкпеде газ алмасу жүреді.  Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына, cavium nasi,түседі. Әрбір бөлікте қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасады. Ол тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен жабылған және көп қан тамырлары бар. Тамырлармен аққан қан дем алған ауаны дене температурасына дейін жылытады. Сілемейлі қабық бөлетін сілемей ауаны ылғалдайды және шаң-тозаң мен микроорганизмдерді тұтып қалады.  Сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан кейін эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге сыртқа шығарылады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы болады. Мұрын қуысынан жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен (надгортанник) жабылады.

МҰРЫН ҚУЫСЫ (cavium nasi)

 КӨМЕЙ (larynx)  ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді. Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де атқа

рады. Көмейдің іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде IV-VI мойын омыртқалары дейгейінде орналасқан. Көмей қабырғасы сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршектен тұрады. Тағамды жұтқанда көмекейге кіреберіс шеміршекті көмей қақпашығымен жабылады. Ең ірі шеміршек- мойынның алдыңғы бетіне шығып тұратын қалқанша шеміршегі.

Көмейдің дыбыс сіңірлері мен көмей қақпашағынан басқа ішкі беті тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен қапталған. Көмей шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін сілемейлі қабаттар болады. Олардың арасындағы кеңістік дыбыс саңылауы деп аталады. Дауыс дыбысы тыныс шығарған кезде дыбыс сіңірлерінің тербелісі нәтижесінде пайда болады. Дауыс түрі мен оның тембрі дыбыс сіңірлерінің ұзындығына байланысты.   Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам жөтеледі де күшті дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмейдің төменгі бөлімі VI-VII мойын омыртқалары тұсында кеңірдекке өтеді.

Көмейдің қаңқасы бір-бірімен байламдар, жарғақтар және буындар арқылы байланысқан, тақ (жүзік тәрізді, қалқанша, көмей қақпашығы) және жұп (ожау тәрізді, мүйіз тәрізді, сына тәрізді) шеміршектерден құралған. Мүшенің негізін алдына қараған доғадан және артық төртбұрыш пішінді табақшадан құралған.

—   Жүзік тәрізді шеміршек (cartilago cricoidea) құрайды. Жүзіктәрізді шеміршек доғасының үстінде, артынан бұрышпен біріккен 2 жалпақ табақшадан құралған,  қалқанша шеміршек (cartilago thyroidea) орналасқан. Шеміршектің алдыңғы бөлігінде жоғарғы және төменгі ойықтары бар. Табақшалардың артқы жиектері әр жақтан ұзын жоғарғы және қысқа төменгі мүйізшелерді түзеді.

—  Ожау тәрізді шеміршек (cartilago arytenoidea) жұп, гиалинді, пішіні мен 3 жақты пирамидаға ұқсас. Шеміршек негізі төмен бағытталған, одан латералді бұлшықеттің өсіндісі шығады. Жоғарыдан және алдынан көмейге кіреберіс, өзінің төменгі жиегі байламмен қалқанша шеміршегіне бекініп тұратын, түп көмей қақпашығымен (epigllotis) жабылған. Мүйіз тәрізді (cartilago corniculata) және сына тәрізді (cartilago cuneiformis) шеміршектер жұп, созылмалы, ожау тәрізді шеміршек үстіндегі, ожау-көмей қақпашығы қатпардың ішінде орналасқан.

—  Көмей шеміршектерінің қозғалғышын байламдар және екі буын қамтамасыз етеді.

—  Білезік қалқанша буыны (art.cricothyroidea) жұп, қалқанша шеміршегінің төменгі мүйізшесіндегі буын беті мен білезік пішіндес шеміршектің алдыңғы бүйір жағынан құралған. Жүзік – қалқанша буынындағы қозғалыс, фронталді білік бойымен жүзеге асады, сол кезде бұлшықеттсрдің жиырылуы кезіндс қалқанша шеміршегі алға иіліп, бастапқы жағдайына қайта оралады.

—  Жүзік қалқанша буыны (art.cricoarytenoidca) жұп, ожау тәрізді шеміршектің негізіндегі буын беттері мен жүзіктәрізді шеміршектің табақшасынан құралған. Осы буында қозғалыс вертикалді білік бойымен жүреді, сол кезде, дыбыс байламдары бекітілген дауыс өсінділері бір-біріне жақындап, біресе алшақтап орналасуына байланысты, дыбыс кеңеюіне не тартылуына алып келеді.

КЕҢІРДЕК  (trachea) - ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналасқан түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді.

—     V кеуде омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді.

—  Кеңірдек  жартылай сақина құрайтын  және бір бірінен сақина тәрізді байламдармен байланысқан, 16-20 гиалинді шеміршектерден тұрады. Шеміршекті жартылай сақиналардың көмегімен кеңірдек саңылауы ашық, ал мүшенің өзі серпімді және иілгіш болады. Шеміршектердің бос ұштары кеңірдектің жарғақты артқы қабырғасын құрайтын, тегіс бұлшықетті жасушалар талшықтарымен біріктіруші тін тақташаларымен қосылған.

БРОНХ АҒАШЫ (arbor bronchialis) негізгі бронхдан (bronchus principalis) тұрады, ол үлкен өкпе сыртылық бөлімдік бронхтарға (1 реттік бронхлар) бөлінеді, ал олар өз кезегінде үлкен зональды өкпе сыртылық (әрбір өкпеден 4-ден) бронхтарға (2 реттік бронхлар) тарамдалады. Соңғылары өкпе ішілік сегменттік бронхларға (әрбір өкпеде 10) өтеді, олар өз кезегінде 3-5 реттік бронхтарға субсегменттік немесе орта бронхтарға (5-2мм) бөлінеді. Орта бронхтар тарамдалып, ұсақ (диаметрі 2-1мм) бөлімше ішілік бронхларға, ал одан соң, соңғы бронхшаларға (bronchioli terminales) өтеді.

Бронхылар
bronchi principalis dexter, sinister

—  Бронхылар оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиола деп аталады да, альвеолармен аяқталады. Кеңірдек пен бронхиола да сілемей бөлетін тербелмелі эпителиймен жабылған. Кірпікшелер сілемей мен микроорганизмдерді жұтқыншаққа бағыттайды да, сонда жұтылады.

ӨКПЕ, pulmo(грекше – pneumon)- кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады. Өкпенің сыртқы жұқа қабықшамен екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен (плерва) жабылған.
0 дауыс

Тыныс алу - тірі ағзаларға тән қасиет. Бұл сабақты гректің ұлы ақыны Овидийдің «Тынысым барда, үміттенемін» сөзімен бастасақ, тыныс алудың маңызын түсінеміз. Адам аштыққа, шөлге, ұйқысыздыққа шыдай алуы мүмкін бірақ, адам ауасыз бір минутта өмір сүре алмайды. Биологиялық тұрғыда тыныс алу дегеніміз мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы(бұлшық еттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсауға тікелей байланысты.

Энергия ағзалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттегі жұмсалады. Ағзада оттегінің қоры болмайды. Ағза таныс алғанда оттегін қабылдайды, ыдырау өнімдері ағзадан сыртқа шығарылады. Тыныс алу мүшелері, қан айналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Ағзалық заттардан энергия босау үшін оттегі қажет.
Мұрын қуысының құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті - шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар сілекейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Сілемейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып, одан әрі өтеді. Қан жасушалары - лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.

Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тыныс алу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.

Көмекей - мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3сыңар, 3жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. көмекейдің артқы жағында 3жұп майда шеміршектер болады.

Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Адам дем шығарғанда дыбыс саңлауы таралып, дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербетуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үлкен үшкір түйіні жұтқыншақ шодыры деп аталады. Ер адамдарда көмекейдің орташа ұзындығы 44мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақсүйектері қатысады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12см, ал диаметрі 15-18мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен - бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.

Кеңірдек 5-ші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлары өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауа тамырлық тармақшалар деп аталады. Альвеоланың диаметрі 0, 2 - 0, 3мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады.

0 дауыс
Тыныс алу мүшелерінің құрылысы. Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей (көмекей), кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар-ауа тасымалдайтын жолдар. Сонымен қатар өкпе жатады. Өкпеде газ алмасу жүреді. Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікте-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасады. Ол тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен жабылған және көп қан тамырлары бар. Тамырлармен аққан қан дем алған ауаны дене температурасына дейін жылытады. Сілемейлі қабық бөлетін сілемей ауаны ылғалдайды және шаң-тозаң мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан кейін эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге сыртқа шығарылады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы болады. Мұрын қуысынан жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен (надгортанник) жабылады. Көмей ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді. Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де атқарады. Көмей- іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде IV-VI мойын омыртқалары дейгейінде орналасқан. Көмей қабырғасысіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршектен тұрады. Тағамды жұтқанда көмекейге кіреберіс шеміршекті көмей қақпашығымен жабылады. Ең ірі шеміршек- мойынның алдыңғы бетіне шығып тұратын қалқанша шеміршегі. Көмейдің дыбыс сіңірлері мен көмей қақпашағынан басқа ішкі беті тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен қапталған. Көмей шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін сілемейлі қабаттар болады. Олардың арасындағы кеңістік дыбыс саңылауы деп аталады. Дауыс дыбысы тыныс шығарған кезде дыбыс сіңірлерінің тербелісі нәтижесінде пайда болады. Дауыс түрі мен оның тембрі дыбыс сіңірлерінің ұзындығына байланысты. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам жөтеледі де күшті дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмейдің төменгі бөлімі VI-VII мойын омыртқалары тұсында кеңірдекке өтеді. Кеңірдек- ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналасқан түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиола деп аталады да, альвеолармен аяқталады. Кеңірдек пен бронхиола да сілемей бөлетін тербелмелі эпителиймен жабылған. Кірпікшелер сілемей мен микроорганизмдерді жұтқыншаққа бағыттайды да, сонда жұтылады.
0 дауыс
Медуза жəндіктер ит тыныс алу ерекшеліктері керек

Ұқсас сұрақтар

...