0 дауыс
5.4k көрілді
Азат Франция қозғалысының жетекшісі туралы өмірбаяны, толық ақпарат керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Шарль де Голль


Дүниеге келгені: 1890 ж. қарашаның 22 (125 жас)
Лилль, Франция
Қайтыс болғаны: 1970 ж. қарашаның 9
Ұлты: француз
Мансабы: Саяси және мемлекет қайраткері, президент

Шарль Андре Жозеф Мари де Голль (фр. Charles André Joseph Marie de Gaulle), (22 қараша 1890 жыл, Лилль, — 9 қараша 1970 жыл, Коломбэ-ле-Дёз-Эглиз, Жоғарғы Марна департаменті) — француз генералы, мемлекет қайраткері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Француз ұлт азаттық қозғалысының көсеміне айналды. Бесінші Республиканың негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті (1959—1969).

Париждегі Жоғары әскери мектепті бітірген. I дүниежүзілік соғысқа (1914-1918) қатысқан. II дүниежүзілік соғыс басталғанда полковник шенінде 5-Франция армиясының танк бөлімшелерін басқарды.

1943 жылы маусымда Голль Алжирде қүрылған Франция ұлттық азат ету комитетінің тең төрағасы болып сайланды. 1944 ж. маусым айында бүл комитет Франция Республикасының уақытша үкіметі болып қайта қүрылып, 1944 ж. тамыз айында азат етілген Париж қаласына көшіп келді. II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң Голль Францияда президенттік басқару үлгісін орнықтыруға күш салды. Бұл жоспары қарсылыққа үшыраған соң 1946 ж. биліктен кетіп, келесі жылы "Франция халқының бірлестігі" партиясын құрды.

1953 ж. партияны таратып, саясаттан шеттеп кетті. 1958 ж. Алжирдегі әскери бүліктен кейін Франция үкіметі аса қиын жағдайда қалып, парламенттің көпшілік болігі Голльді үкіметті басқаруға шақырды. Оның басшылығымен жаңа Конституция қабылданды (1958). Осы Конституция негізінде өткен 1958 жылғы 21 желтоқсандағы сайлауда Голль республика президенті болып сайланды.

1965 ж. жаңа 7 жылдық мерзімге қайта сайланды. Ол билік жүргізген кезеңде парламенттің билігі шектелді, президентке қосымша өкілеттіктер берілді. Голльдің түсында Франция атом қаруын жасап, ядролық державаға айналды.

1969 ж. өткен референдумнан кейін биліктен кетті.

Балалық шағы

Шарль Де Голль 1890 жылы, қарашаның 22, Франциядағы Лилль қаласында, католиктердің отбасында туған. Әжесінің үйінде туылған, бірақ отбасы негізінен Париж қаласында тұратын. Әкесі Анри де Голль Әдебиет және философия профессоры болған, сондықтан Шарль кішкентайынан оқуды жақсы көретін. Өз елінің тарихын оқып, елін қатты сүйген. Үш ағасы және әпкесі болған

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...