0 дауыс
300 көрілді
Неге көпшілік адам өзбектерді жатсынады? Басқа мемлекеттерде де қазақтар бар шығар?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Рани, әр халықтың өз мәдениеті мен дәстүрі бар. Мәдениеті дамыған ұлттар өзге халықтардың мәдениетіне құрметпен қарайды. Ал, керісінше, өзге ұлттарға астамшылықпен, не қызғанышпен қарау - мәдени деңгейдің төмендігін білдіретін құбылыс. Өкінішке орай, Совет заманы кезіндегі ұлттық саясат туысқан екі халықты үнемі шағыстырып, бір-біріне бәсекелес етіп ұстағанды мақсат етті. Нәтижесінде тілі мен мәдениеті жақын екі халықтар өзара ынтымағын азайтып алды. Тәуелсіздіктен кейін осы қателікті жою мүмкіндігі пайда болды. Бірақ көрші мемлекеттер оны қолданудың орнына бұрынғы үрдіспен жүруді қалады. Мемлекет арасындағы салқындық өзара ішкі бақталастыққа ұласып, ол сол ортада тәрбиеленген адамдардың көзқарастарына да әсер етті. Бірақ, адамды, ұлтты аралассаң танисың. Сондықтан, екі ел өз адамдарының өзара аралас-құраластығын жеңілдетіп, жағдай жасау керек. Мұны жолға қою қиын емес, себебі, біз өзара тез түсіністікке жете алатын халықтармыз.Кедесі мәселеде, біз - екі халыққа тән ортақ тармхққа қол жеткізуіміз керек. Тарихы ортақ халықтардың бауырластығы күшті болады! Қысқа жауабым осы. Тақырыпты кең қозғауға мүмкіндік болмады. Құрметпен Әбдірашит Бәкірұлы ағаларың. (kala55@mail.ru).
0 дауыс
Өзбектер де бізді жатсынатын шығар. Еліне барсаң
...