0 дауыс
275 көрілді
Біз 2025 жылға қарай латын әліпбиіне өтеміз. Көптен жобалар бар. Бірақ ғалымдар қазақ-латын әліпбиін жасауға асығар емес. Енді біз осы SZH қолданушылары бірігіп неге бейресми әліпби жасап шықпасқа. Мен өз басым A-26 нұсқаны қолдаймын. Қазақтың төл әріптері жеке-жеке белгіленуі тиіс.Біз ең бірінші төл әріптерімізді белгілеп алайық: 1. Әә [Vv] белгілеуге келісейік. Көбі [в] әріпіне бергісі келеді. "В" орыс тілінен енген кірме дыбыс. Біз қазақтың әліпбиін жасап жатырмыз. Vlem-әлем , Vsempaz-әсемпаз Ертең-ақ адамдардың көзі үйреніп кетеді 2.Іі [Ii] белгілейміз. Ешкім қарсы емес шығар. Irimshik-ірімшік, ilgerilew-ілгерілеу 3. Ғғ [Cc] берген жөн. Бұл әріпті "ш"-ға бергісі келеді көп нұсқаларда. Мен "ғ"-ға беремін және осыған келісейік. Calym-ғалым,Caryshker-ғарышкер 4. Ңң [Xx] бергенді жөн көрдім. Көп нұсқада бұл әріпті 2 әріптің қосындысы арқылы бергісі келеді(ng,nh т.б). Мен бұны құптамаймын Ax-аң, aldyxcy-алдыңғы 5. Ққ [Qq] әрине осы әріпті беретініміз айтпасада түсінікті. Qazaqstan-Қазақстан, qasijet-қасійет 6. Ұұ[Uu] деп белгілейміз Ultzhandylyq-ұлтжандылық, Uly-ұлы 7. Үү[ Ue ue ] деп белгілеуге келісейік Uerej-үрей, uemit-үміт 8. Өө[ Oe oe ] белгілейік. Oemir-өмір, oezgeshelik-өзгешелік Соңғы екі әріп ү,ө сөздің бастапқы буынында кездесетіндіктен осылай таңбаланады. 9.Хх[Hh] осы әріпті қалдыруды жөн санадым және бұл [h] таңбасы zh[ж],sh[ш] таңбалау қызметін қоса атқарады. Han-хан,Halyq-халық Қазақтың төл дыбыстарын таңбалап болдық. Тек осыған үйренісіп кету ғана қалды. Бұл қазақтарға тиімді әліпби болмақ. Неге десеңіз өзіміздің төл дыбыстар жеке-жеке таңбаланды. Әлі-ақ үйреніп кетеміз. Сосын х,в,ф әріптерінен ,х[Hh] мен ф[Ff] әріптерін қалдырамыз. Ал "в" әріпіне хош сау бол деп, орнын қазақтың "ә" әріпіне береміз. Тағы бір айта кетерлік й[Jj] таңбалайық Jon-йон,jot-йот, Jtalyja- италия Болды қалған әріптер айтрасада түсінікті Aa-Аа Bb-Бб Cc-Ғғ Dd-Дд Ee-Ее Ff-Фф Gg-Гг Hh-Хх Ii-Іі Jj-Йй Kk-Кк Ll-Лл Mm-Мм Nn-Нн Oo-Оо Pp-Пп Rr-Рр Ss-Сс Tt-Тт Uu-Ұұ Vv-Әә Ww-Уу Xx-Ңң Qq-Ққ Yy-Ыы Zz-Зз Қос әріппен таңбаланатын дыбыстар: 1.ү[Ue ue] 2.ө[Oe oe] 3.ж[Zh zh] 4.ш[Sh sh] Бұл нұсқамен қазірден бастап жаза беруіңізге болады

1 жауап

0 дауыс
Меніңше Латын әліпбиене өту мүлдем ерек емес (Кирилше жазылған мың сан кітаптар босқа қала ма сонда)
латынша әріпке өтетін болсақ,оның барі мемлекетке шығын.
Әрине менің өзімнің жеке пікірім боыйнша, бұның өзінің жақсы да, жаман жағы бар: 1) Егер латынға өтсек болашақта қазақ тілінің кең пайдалынуына, қазақстандықтардың орыс тілінен айрылуына, тілдерді араластырмауына ықпал етеді. 2) Көптеген шетелде туылған қазақтарға(қытайдағы) қазақша мәліметтер оқуға ыңғайлы болады 3) ғаламтордада латын әліпбиің пайдалануға оңай
 Ең ауыр қадам - бірінші қадам демекші, шығынға қарамай ертерек өтсек жақсы болар еді. Ал пост бойынша өз ойымды айтсам, төбедегі әліпби түкке жарамайды, кірме дыбыстар қалу керек, жай ғана түрік, өзбек тілдерінің әліпбиінен үлгі алу керек

Ұқсас сұрақтар

...