Көлікке сақтандыруы жоқ адам көлікті басқара алады ма?

+1 дауыс
1.0k қаралым
Толығырақ айтайын, егер көлік иесі көлікте болса, көлікке сақтандыруы жоқ (бірақ, көлік жүргізу куәлігі бар) екінші адам көлікті басқара алады ма? Жол полициясы бұған қалай қарайды? Жол қозғалысы ережелері бұған не дейді?
• Санаты: Жол ережесі

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Өкінішке орай айдай алмайды, жол қозғалыс ережесін бұзған болып есептелінеді. Қай ережелерді бұзатының нақты білмедім. Осы бапты басшылыққа алуыда мүмкін немесе басқа баптарды басшылыққа алып жол қозғалыс ережесін бұзды деп табу мүмкін. (ҚР ӘҚБтК-тің 612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы:1. Өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiгi, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы –бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы