0 дауыс
514 көрілді

Бүгін Астанада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған пошта маркасы ресми түрде айналымға шығарылды. Салтанатты шараға «Астана ЭКСПО-2017» АҚ ұлттық компаниясы Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азат Машабаев қатысты.

Айта кетерлігі, бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық пен әріптестік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі шара аталмыш меморандум аясындағы алғашқы қадам болып табылады.

Астана ЭКСПО-2017

«ЭКСПО-2017» логотипі бейнеленген пошталық марка 4 түсті офсеттік тәсілмен дайындалған, номиналы - 300 теңге, көлемі - 28х40 мм, таралымы - 5000 дана. Пошта маркасы ҚР Ұлттық банкінің банкноттық фабрикасында басылып шыққан.

Марканы айналымға шығарудың ресми шарасында «Астана ЭКСПО-2017» АҚ ұлттық компаниясы Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азат Машабаев арнайы пошталық мөртабанда қолтаңбаларын қалдырып, онымен өзара алмасты. Ербол Шормановтың айтуынша, Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне арналған бірегей пошта маркасының жарыққа шығуы аса маңызды шара. Бұл ел ішінде ғана емес, шет мемлекеттерде де «ЭКСПО-2017» көрмесінің танымалдылығын арттыруға өз септігін  тигізеді.

Ербол Шорманов «Астана ЭКСПО-2017» АҚ ұлттық компаниясы Басқарма Төрағасының орынбасары:

«ЭКСПО-2017» көрмесі – бұл Қазақстанда ғана емес, әлемдік ауқымдағы маңызды шара. Оның үстіне көрме «Болашақ энергиясы» аталып, дүниежүзілік өзекті мәселені қамтып отыр. Өйткені, адамзаттың өркениет дамуына қарай халықаралық қауымдастық тиімді баламалы қуат көздерін іздестіруде. Біз алдағы уақыттарда «ЭКСПО-2017» көрмесін танымал ету үшін ел ішінде де, шет мемлекеттерде де түрлі шараларды белсенді түрде жүргізіп жатырмыз. Соның бірі пошта маркасының айналымға енуі. Бұл марка фиталетисттер коллекциясында құрметті орынға ие болады деген сенімдемін.

Азат Машабаев «Қазпошта» АҚ басқарма Төрағасының орынбасары:

Бүгін біз үшін де айтулы күн. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған марканы айналымға шығарудың берері аз емес. Кейде тіпті осындай марканың өзі азаматтарға белгілі бір оқиғаға байланысты көптеген мағлұмат алуға мүмкіндік жасап, ерекше жарнамалық рөл атқаратыны да белгілі. Марка ұзақ мерзімге сақталып қана қоймай, біздің еліміздің атын мейлінше алысқа жетелейді. Ендеше, осы арқылы «Қазпошта» астанада өтетін айтулы шара - «ЭКСПО-2017» көрмесіне өз үлесін қосады деп ойлаймын.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің тақырыбы «Болашақ энергиясы» аталып, ол әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған адамзаттың ең өзекті мәселерінің бірі – баламалы қуат көзін дамыту проблемаларын қамтиды. Қазіргі таңда «ЭКСПО-2017» көрмесіне әлемнің 61 мемлекеті мен 13 халықаралық ұйым қолдау білдіріп, өздерінің қатысатын ниеттерін ресми растаған.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

...