+1 дауыс
763 көрілді

Ахметжан Есімов ғарышкер Айдын Айымбетов

«Астана ЭКСПО – 2017 Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесті.

Ғарышкер көрме ұйымдастырушыларына осы жылдың қыркүйегінде өзімен бірге Халықаралық ғарыш станциясына алып барған «ЭКСПО-2017» жалауларын табыс етті.

«ЭКСПО» көрмелері 150 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатыр. Бірақ осыған дейін бірде-бір рет көрме жалауы ғарышта болып көрмеген еді. Бұл – үлкен оқиға. Бізге осыдан кейін жақсылап дайындалып, көрмені жоғары деңгейде өткізу қажет. Тек президент қана емес, өзінің ерлік ісімен Айдын Айымбетов те бізді осыған міндеттейді», - деді А.Есімов кездесу барысында.

Ұлттық компания басшысы Айдын Айымбетовтың «ЭКСПО-2017» құрметті елшісі атанатынын хабарлап, оған ғарыш кемесі металынан жасалған швейцариялық сағат сыйлады.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің ең жоғары деңгейде өтуін тілеймін. Бұлай болатынына еш күмәнім жоқ, себебі Ахметжан Смағұлұлының үлкен әкімшілік тәжірибесі бар. Қазақстан гүлдене берсін», - деді өз кезегінде Айымбетов.

«Астана-ЭКСПО-2017» басшысы қазіргі уақытта 50 ел мен 11 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатындықтарын растағаны туралы хабарлады.

«Көрмеге 2 млн адам келеді деп күтеміз. Сондай-ақ олар Бурабай, Алматы таулары, Қарқаралы секілді еліміздің өзге де өңірлеріне саяхаттайды деп ойлаймыз», - деді А.Есімов. 

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
5 жауап
...