+5 дауыс
5.0k көрілді
Осы мүшел жас дегенді қалай түсінесіз? Жалпы мүшел жаста қимас затыңды біреуге сыйлау міндетті ме? Мүшел жастың қандай құпиялары бар?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұлу Жылы– мүшел есебінің бесінші жылы, қоян жылынан соң, жылан жылынан бұрын келеді. 2000 – 2001, 2012 – 2013, т.б. жылдары қайталанады.
Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі.
Қазақ ұғымында кез келген мүшел жас қатерлі болып саналады. Бұл негізсіз жай сөз емес. Қазір ғалымдар әрбір он екі жылда адам ағзасында елеулі өзгерістердің болатынын дәлелдеп отыр. "Ғылым енді ашқан жаңалықты бәленбай ғасыр бұрын бабаларымыз қалай білген, қандай түйсікпен сезінген" деп таңғаласыз. Мүшел жастың біз сырын әлі жете білмейтін құпиясы бар. Пендешілікпен байқамаймыз, ойланбаймыз, тылсымға сене бермейміз. Өйткені жетпіс жылға жуық құдайсыз қоғамды бастан өткіздік. Байыптап барлап қарасаңыз, мүшел жаста өлім-жітім, апат, қырсық-кедергілер жиі кездеседі. Сол үшін бұрынғылар мүшел жаста құдайы беріп, дастарқан жайған. Обалды түсініп, сауап жасауға тырысқан. Кісі ақысын жемей, арамға қол созбай, өтірік-өсектен аулақ болуды парыз санаған. "Құдайы" дегенді талай адамдар тек Құран оқып, бет сипаумен байланыстырады. Шындап келгенде, бұл - әрбір адамның, ең алдымен, өз ар-ұятының алдында өзіне есеп беруі. Біліп істеген, білмей істеген күнәлары үшін Алладан кешірім өтініп, тәубеге келуі әрі азға да, көпке де қанағатты болып, шүкіршілік етуі деп түсінген жөн.
Мұндайда кейбіреулер "мүшелде киім беру керек" деп өзінің кимейтін керексіздерін өзгеге беріп жатады. Мен көрген үлкендер өзінің ең жақсы көретін киімін беруші еді. Құдайға шүкір, біз сол көнекөздерден үлгі-өнеге алдық. Сондай бір көргенді көріністі айта кеткен артық болмас. 1996 жылы қараша айының басында консерваторияның концерт залында Сыр елінің әйгілі әншісі, белгілі сазгер Әлмұрза Ноғайбаевтың бір тамаша ән кеші өтті. Кеш барысында Әлмұрза көпшілікке қарап: "Бүгін - менің туған күнім. Жай туған күн емес, отыз жеті - мүшел жасым. Халқымыздың бұрыннан келе жатқан дәстүрі бойынша мүшелде адам қимас киімін шын жүректен басқаға сыйлауы керек. Менің киімдерімнің ішіндегі өзім үшін ең қымбаты әрі бағалысы батыр Бәукең атамыздың қара шаңырағынан киген зерлі шапаным еді. Қадірлеп, қастерлеп үлкен сахналарда ғана киюші едім. Осы күнге аман-сау жетіп, алдарыңызда ән шырқап тұрғаныма Аллаға шүкіршілік етіп, мен де бабалар дәстүрін орындайын", - деп бір кезде өзім иығына жапқан шапанды інілік ізетпен сыйлы бір ағасына кигізді. Сол сәтте көрермен тікесінен тік тұрып қол соғып, қошемет жасаған еді...
Баз біреулер "әйтеуір қайыр-садақа берсем, мүшелден кедергісіз өтемін" деп ағат ойлайды. Егер адамның ішкі жан дүниесі тазармаса, күншілдік, менмендік, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жаман әдеттерінен құтылмаса, басынан кесек алтын айналдырып садақа берсе де, көкірегі көр күйі қала береді. Өз басым осыны естен шығармаған жөн дер едім.
Қандай газеттен "копировать" еткесіің?
Мынаны қай газеттен алдыңыз?
Айқын Республикалық қоғамдық - саяси газетінен!!!!
+2 дауыс
Мүшел жаста адамның организмі өзгеріске ұшырайды дейді ғой.................
...