+5 дауыс
1.1k көрілді
Шынымды аитсам мен өте ұялшақ адаммын. Жаңа танысқан адмдарыма үйренгеше біраз уақыт үндемей жүре беретін әдетім бар. Енді міне сол ұялшақтыққа үлкен сын туды))))))). Жақында жүріп жүрген қызым ата анасымен таныстыруға шақырды. Жаман қысылып жүрмін(blush). Қалай ойлайсыздар қыздын ата анасының алдында өзіңді қалай ұстаған дұрыс?  Қыздың ұйінде жалпы өзіңді қалай ұстау керек?(blush)

5 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Үйге кіресің, сәлем бересің, шәйға пәдеркеңді бересің, хал-жағдайын сұрайсың, төрлет десе, төрлейсің, бала жүгіріп бара жатса басынан бір сыйпайсың, дәу жігіт бол деп қолын аласын, ең тәртіпті бала боп жүресің, орнымен күліп, орнымен сөйлейсің, сұраққа нақты жауап бересің, шәйді сораптамай жәйләп ішіп отырасың, танысасың, әке-шешең жанұяң туралы шамалап айтасың, сосын соғымнан ауызтисің, сосын қарынды бір сипап қайтасың, болды....
о керемет пікір....
хехеехе) мықты жауап)
+6 дауыс
Қарапайым бол.... Қызынның алдында қалай болып жүресін солай жүр... Артық сөздің керегі жоқ))
+6 дауыс
Ұялу деген - аса жаман емес. Исламда уялу-иманның жартысы дейді ғой...ең бастысы қыздың ата-анасын сыйлап, құрметтеуіңіз керек. Қанша дегенмен, қыздың ата-анасы сіздің де екінші ата-анаңыз ғой. Сол себепті, қысылмай, өзіңізді еркін ұстап, өз үйіңіздегідей сезініңіз...
–4 дауыс
Назарбаев сияқты қатаймай ширақ жүру керек.
+3 дауыс
әрине қобалжып қаймығу тағы бар, ол қазақтың әдеті емес пе!? Ұялудың жөні бар, қаз мойын ұстау- қыздың ата-анасына ыңғайсыз болуы мүмкін. Сондықтан еркін жүріп сыпайы болсаң игі! Алғашқыда барімізде солай болған кейін өз әке-шешең сияқты үйреніп кетесің, алаң болма! Әке-шешесі иман жүзді болса күйеу баланы пайғамбардың өзі сыйлаған демекші, қызыңмен күліп-ойнап жүрсең өздеріңе қызыға қарап батасын беруі, әбден мүмкін!!!
...