0 дауыс
13.0k көрілді

Жаңа жыл 2016 жыл қазақша Құттықтау, тілек керек? Сіз төмендегі құттықтаулардан басқа қандай құттықтау білесіз?

Жаңа 2016 жыл құтты болсын!
Отбасылық бақыт, береке, саулық әкелсін!

Жаңа 2016 жылыңыз құтты болсын!
Денсаулығыңыз мықты болсын. Алға қойған барлық мақсаттарыңыз орындалсын!

Жаңа 2016 жылыңызбен!
Жұмыста табыстылықты, жүректе тыныштықты, денсаулықта мықтылықты, дастарханда молшылықты тілеймін.

Жаңа 2016 жылыңызбен! Жұмыста табыстылықты, жүректе тыныштықты, денсаулықта мықтылықты, дастарханда молшылықты тілеймін.

Жаңа 2016 жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-береке болуын тілейміз. Сізді Жаңа 2016 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз Жаңа 2016 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2016 жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз. Ізгі тілекпен,

Жаңа Жыл Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

Келді тағы жаңа 2016 жыл
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді

Құрметті достар!
Сіздерді Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа 2016 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа 2016 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, кандас бауырларың!

Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа 2016 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2016 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2016 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

Жаңа 2016 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Жаңа 2016 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2016 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2016 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Барша қазақстандықтарды жаңа 2016 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2016 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

Жаңа Жыл - бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Алдағы жақсылығымен, жағымды жаңалығымен қуантар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Баяғы өткен заманда Кіші Азия деп аталатын қазіргі Түркия жерінде Николас атты шіркеу қызметкері тұрыпты. Шамамен 255-257 жылдары туылған Николас ата-анасынан ерте айырылып, шіркеуде қызмет жасайтын көкесінің тәрбиесінде болады. Николас ата-анасынан мол мұра иеленіп қалады. Кале қаласының маңындағы Ликий деген жерде бар мал-мүлкінен айырылып қалған 3 қызы бар кісі және ата-анасынан айрылған дәулетті Николас атты шіркеу қызметкері болыпты. Ішерге тамағы таусылған отбасындағы қыздарды күйеуге беретін уақыт жетеді. Бірақ сол заманда тұрмысқы шығып, отбасы құру үшін қыздың жақсы жасауы болуы қажет болған. Амалы болмаған әкесі үлкен қызын күңдікке сатуға мәжбүр болады. Қыздарына мән-жайды түсіндіріп, үлкен қызына дайындала беруді айтады. Қыздары бәрін түсініп, пеш жанына шұлығын жайып, ұйқыға жиналады. Таңертең ұйқыдан тұрып, шұлығын алып жатқанда, үлкен қызы шұлығының ішінен сыңғырлаған тиындардың джаусын естіп, әкесіне қуынышпен жеткізеді. Үлкен қызы күңдіктен құтылады. Ортаншы қызы күңдікке сатылуы тиіс түні де осындай жағдай қайталанып, ортаншы қызы да азапқа толы өмірден ққтылады. Кезек кіші қызына келгенде әкесі жақсылық жасап жүрген кім екенін анықтау үшін түнде ұйықтамай оларға жәрдемдесіп жүрген Николас екенін біліп, қатты қуанып, алғысын айтады.николас бірақ бұл жағдайды ешкімге айтпауды сұрайды. Осылайша, Николас мұқтаж жандарға жасырын көмектесуін жалғастырады. Николас адамдарға құдайды қалай сенудің, көмекке зәру адамдарға қол ұшын берудің жарқын үлгісін көрсетіп, адамдардың есінде мәңгіге қалды. Oсы кезден бастап адамдар Николасты Санта Клаус, яғни киелі Николас деп атап кетті. Балалар жыл сайын Жаңа жылды, Санта Клаусты асыға күтеді. Себебі, Жаңа жыл – сыйлық беру мен сыйлық алу уақыты. Адамдар Санта Клаусты әр елде түрліше атайды, мысалы, Ресейде Дед Мороз, Францияда Пэр Ноэль

Жапонияда Сегацу-сан десе, Қазақ халқы оны Аяз Ата деп атайды. Қазақ халқы жаңа жылды 22 наурызда тойлайды. Жаңа жыл – Наурыз күні ренжіскен адамдар татуласып, дәстүрлі тағам – наурыз көже дайындалады.

Міне, Жаңа 2016 жыл да келді. Ал 2016 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз. Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...