0 дауыс
6.3k көрілді
1.есеп! Молекулаларының орналасуына қатысты сұйық және кристалл денелердің бір-бірінен ерекшеліктері қандай? 2.есеп Қай температуралар аралығында су қатты, сұйық, бу және газ күйінде болады? Судың кристалдану температурасы 273 К, қайнау температурасы 373 К және кризистік температурасы 647 К. 3.есеп Берилий атомның моделін салып, атом ядросының зарядын анықтаңдар. 4.есеп Ұзындығы 5,4 м сым жүк әсерінен 2,7 мм-ге ұзарды. Сымның абсолют және салыстырмалы ұзаруы неге тең. 5.есеп Егер әр заряд шамасын 4 есе арттырып, ал арақашықтығын екі есе азайтса олардың өзара әсер күштері қалай өзгерер еді. 6.есеп Зарядталған екі пластина арасындағы потенциалдар айырымы 0,2кВ, ал ара қашықтығы 4см. Пластиналар арасындағы электр өрісінің кернеулігі неге тең? 7.есеп ХБЖ аударыңдар: 500нКл, 100см3, 400г, 80 мм2, 200л.

1 жауап

0 дауыс
1) ұйықтың молекулалары қатты денелердің молекулаларына карағанда бір-бірінен алшақ орналасады. Сондықтан олардың арасындағы тартылыс күштері де, тебіліс күштері де қатты денелерге қарағанда кем болады. Сөйтіп, сұйық оңай ағады, оңай бөлінеді. Соған қарамастан сұйықтың көлемін өзгерту өте қиын. Шыны молекулалары ретсіз орналасқандықтан, оның құрылысы кристалл қатты денеден гөрі сұйық молекулаларының орналасуына ұқсас. Молекулалары белгілі бір ретпен қайталанып орналасатын денелер — кристалл денелер, ал молекулалары ретсіз орналасатындары — аморф денелер деп аталады. Шыны аморф денеге жатады. Сұйықтар сияқты шыны молекулалары да аққыш келеді. 500нКл=5×10^-7кл
...